Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Атырау қаласындағы көшелер мен өткелдерге келесі атаулармен өзгертілсін:
1) Верхне-Садовая көшесі – "Мұхтаров Шәмкен" көшесіне;
2) Кольцов көшесі – "Жұмағалиев Құмар" көшесіне;
3) Ярославская көшесі – "Есполов Қабиболла" көшесіне;
4) Вагонная көшесі – "Дәулетов Шайден" көшесіне;
5) Грозненская көшесі – "Дүсіпов Сейдеғали" көшесіне;
6) Арзамасский өткелі – "Қамешев Ибат" өткеліне;
7) Фетисов өткелі – "Назарұлы Жалғас" өткеліне.
2. Атырау қаласындағы Жерұйық шағынауданындағы № 26 көшеге Әубекеров Асылбектің атауы берілсін.
3. Атырау қаласындағы Жерұйық шағынауданындағы № 22 көшеге Өрекешев Сәрсеннің атауы берілсін.
4. Атырау қаласындағы Нұрсая шағынауданындағы № 6 көшеге Чердабаев Тымықбайдың есімі берілсін.
5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Қарабаеваға және қалалық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.
ХХІІІ сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы Б. Қазиманов
Қала әкімі М. Исмұратов