Ескерту. Күші жойылды - Махамбет ауданы әкімдігінің 2013.02.06 № 78 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 36-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11, 29-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 329 "Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедек балалардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу үшін ай сайын 2, 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
2. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (Н.Қалиев) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Арстановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 тамызынан туындаған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Ө. Зинуллин