Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 211 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қаңтарда № 4-4-192 тіркелді. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 38 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2013.02.11 №  38 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137-баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 және 29 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы "Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедек балалардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу үшін ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Р. Өтеғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 тамызынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Б. Қарабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады