Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 25.06.2011 № 118 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Қызылқоға аудандық бас мемлекеттік ветеринария-санитарлық инспекторының № 131 ұсынысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2011 жылғы 31 наурыздағы № 5 және 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 6 сараптамаларымен, азамат Борис Жылқыбаевтың меншігіндегі қой және мүйізді ірі қара малы құтыру ауруына оң нәтиже берілуіне байланысты, Мұқыр селолық округіндегі "Жантерек" ауылына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Мұқыр селолық округіндегі "Жантерек" ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу үшін Мұқыр селолық округінің әкімі Е. Айтқожақовқа, Атырау облысы Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Ш. Бердешовке (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі С. Латиевке, "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С. Тайшыбайға (келісім бойынша), Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы І. Хамзинге (келісім бойынша), Қызылқоға аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы А. Аймұратоваға (келісім бойынша) келесі тапсырмаларды орындау үшін ұсынылсын:
1) құтыру ауруының белгісі бар ауру жануарларды анықтап жою және ветеринариялық талаптарға сәйкес залалсыздандыру шараларын алу, құтыру ауруы белгісі бар өлекселерді өртеу арқылы жоюды ұйымдастыру;
2) ауырған малмен қарым-қатынастары болған адамдарды шұғыл ауруханаға жеткізіп және құтыру ауруына қарсы вакциналық егісті ұйымдастыру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылсын;
3) Мұқыр селолық округіндегі мал мен иттерді, мысықтарды егу, сол сияқты ауру ошақтарын залалсыздандыру;
4) ауру ошағынан ("Жантерек" ауылына) мал өнімдерін шығармауға;
5) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу.
3. Осы іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынысын.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Мұқановқа жүктелсін.
5. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 4 сәуірінен пайда болған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев
"КЕЛІСІЛДІ"
Атырау облысы Қызылқоға аудандық
аумақтық инспекция бастығы: Ш. Бердешов
6 мамыр 2011 ж.
Қызылқоға аудандық орталық
аурухана бас дәрігері: С.Тайшыбай
6 мамыр 2011 ж.
Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы, полиция подполковнигі: І. Хамзин
6 мамыр 2011 ж.
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитеті
Атырау облысы бойынша департаменті
Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығының міндетін
атқарушы: А. Аймуратова
6 мамыр 2011 ж.