Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі N 47/278 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қазанда N 14-5-117 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы № 4/22 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек  ауданы мәслихатының 2012.06.08 № 4/22 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына және «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШТI:
      1. Қоса беріліп отырған Бәйдібек ауданында аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібі бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 
      Сессия төрағасы:                           Н.Алтыбаев
      Мәслихат хатшысы:                          С.Спабеков

      Бәйдібек аудандық мәслихатының
      27 қыркүйек 2011 жылғы
      № 47/278 шешіміне қосымша

      Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы

      1.Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі.

      Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй- жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      Тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатындарға коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      Байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына төлеуге беріледі.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу бойынша алдыңғы тоқсандағы шығындарды өтеу үшін бюджетте бөлінген қаражат шегінде ақшалай төлем түрінде беріледі.
      Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне ақы төлеу отбасының (адамның) жиынтық табысының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар отбасылар немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстарды жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      2. Аудандық мәслихаттың 21 желтоқсан 2010 жылғы № 39/219 «2011-2013 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешімімен 451 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», 006 «Тұрғын үй көмегі» бағдарламасы бойынша аудан бюджетінде қаржы қаралған.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) ( бұдан әрі-өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі- уәкілетті орган) өтініш береді және мынадай құжаттар ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      азаматтың (отбасының) табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шотты тапсырады.
      Өтініш толтырып, уәкілетті органға өткізеді.
      4.Уәкілетті органға құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.Уәкілетті органның қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі.
      5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды беру күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде, ал егер ақпаратты өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан алу қажет болған жағдайда күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.
      6. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап ағымдағы жылдың тоқсанына тағайындалады, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтер тоқсан сайын ұсынылады.
      7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайларды, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеледі.
      9. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.
      10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті органмен әділет органдарынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
      11. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      12. Уәкілетті орган – «Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      13. Өтініш беруші – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы атынан өтініш беретін тұлға.

      2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

      14. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органмен азаматтың (отбасының) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі. Тұрғын үй көмегін тағайындауда отбасының жиынтық табысына жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыстар есепке алынбайды.
      15. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін уәкілетті органмен азаматтың (отбасының) жиынтық табысы тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі. Тұрғын үй көмегінен басқа, отбасының жиынтық табысына кірістердің барлық түрлері есептеледі, сол кездегі белгіленген уақытқа нақты алынған ақшалай және заттай табыс түрлері есепке алынады.
      16.Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасы тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      17. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бір айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды, және магистранттарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтіп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органынан жұмыссыз ретінде тіркелуі жөніндегі құжаттарды тапсырады.
      18. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстың 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      19. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес жүргізіледі.

      3. Тұрғын үй көмегін төлеу

      20. Тұрғын үй көмегін төлеу алушының таңдауы бойынша уәкілетті ұйым арқылы жергілікті бюджетте бөлінген қаражат шегінде екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады