Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.09.19 N 465 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2-тармағы 9-тармақшасына сәйкес және Қазығұрт ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2011 жылғы 3 наурыздағы N 2-8/88 санды ұсынысын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарабау ауыл округі, Сынтас ауылы тұрғынының жеке қосалқы шаруашылығында құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Қарабау ауыл округі, Сынтас елді мекенінің аумағына карантин режимiн және шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимi белгіленсін.
2. Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясына (Д.Абдрасилов - келісімі бойынша) шектеу іс-шаралары енгізілген аумақта ветеринарлық-санитарлық талаптардың орындалуын қатаң бақылауға алу ұсынылсын.
3. Қазығұрт аудандық ветеринария бөліміне (О.Көкеев) Қарабау ауыл округінің әкімімен (А.Ташқұлов) бірлесіп:
1) шектеу қойылған аумақта қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, жою және залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастырсын;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шараларды өткiзсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Момыновқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т.С.Алиев
КЕЛІСІЛДІ:
Қазығұрт аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Д.А.Абдрасилов
11 сәуір 2011 жыл