Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданды әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы N 519 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 9 қаңтарда N 14-8-118 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 480 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2012.12.07 № 480 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ордабасы ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы айына тұрғын үйдің 1 (бір) шаршы метріне 50 (елу) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Сәтеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш.Кенжеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады