2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармағына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Отырар ауданының ауылдық округтері бойынша 17 елді мекендер жерлері аумағының жер шаруашылық орналастыру жобасына сәйкес төмендегі елді мекендердің шекараларына қосымша өзгерістер енгізілсін:
1) Ақтөбе ауылдық округі аумағының бір бөлігі 71,22 гектар жайылымдық жер телімі алынып, Ақтөбе елді мекенінің шегінде 71,22 гектар;
2) Балтакөл ауылдық округі аумағының бір бөлігі 440,08 гектар жайылымдық жер алынып, Балтакөл елді мекен шегінде 440,08 гектар;
3) Көксарай ауылдық округі аумағының бір бөлігі 66,25 гектар жайылымдық жер алынып, Көксарай елді мекен шегінде 66,25 гектар;
4) Қарақоңыр ауылдық округі аумағының бір бөлігі 65,4 гектар жайылымдық жер алынып, Ш.Қалдаяқов елді мекен шегінде 65,4 гектар;
5) Қарғалы ауылдық округі аумағының бір бөлігі 301,4 гектар жайылымдық жер алынып, Отырар елді мекенінің шегінде 160,6 гектар, Қарғалы елді мекенінің шегінде 140,8 гектар;
6) Қоғам ауылдық округі аумағының бір бөлігі 298,5 гектар жайылымдық жер телімі алынып, Қоғам елді мекенінің шегінде 178,9 гектар, Талапты елді мекенінің шегінде 119,6 гектар;
7) Қожатоғай ауылдық округі аумағының бір бөлігі 40,2 гектар жайылымдық жер телімі алынып, Қожатоғай елді мекенінің шегінде 40,2 гектар;
8) Маяқұм ауылдық округі аумағының бір бөлігі 78,35 гектар жайылымдық жер телімі алынып, Маяқұм елді мекенінің шегінде 78,35 гектар;
9) Отырар ауылдық округі аумағының бір бөлігі 49,4 гектар жайылымдық жер телімі алынып, Арыс елді мекенінің шегінде 36,0 гектар, Шойманов елді мекенінің шегінде 13,4 гектар;
10) Талапты ауылдық округі аумағының бір бөлігі 91,4 гектар жайылымдық жер телімі алынып, Көкмардан елді мекенінің шегінде 76,18 гектар, Ынталы елді мекенінің шегінде 15,22 гектар;
11) Шілік ауылдық округі аумағының бір бөлігі 71,35 гектар жайылымдық жер телімі алынып, Жаңа Шілік елді мекенінің шегінде 71,35 гектар;
12) Темір ауылдық округі аумағының бір бөлігі 58,93 гектар жайылымдық жер телімі алынып, Темір елді мекенінің шегінде 58,93 гектар;
13) Шәуілдір ауылдық округі аумағының бір бөлігі 394,56 гектар жайылымдық жер телімі алынып, Шәуілдір елді мекенінің шегінде 394,56 гектар қосымша жер телімдері енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 2027,04 гектар жайылымдық қосымша жер телімдері Отырар ауданының ауылдық округтеріне қарасты 17 елді мекендердің шегіне қосылып:
1) Ақтөбе ауылдық округіндегі Ақтөбе елді мекенінің шегі;
2) Балтакөл ауылдық округіндегі Балтакөл елді мекенінің шегі;
3) Көксарай ауылдық округіндегі Көксарай елді мекенінің шегі;
4) Қарақоңыр ауылдық округіндегі Ш.Қалдаяқов елді мекенінің шегі;
5) Қарғалы ауылдық округіндегі Отырар және Қарғалы елді мекендерінің шегі;
6) Қоғам ауылдық округіндегі Қоғам және Талапты елді мекендерінің шегі;
7) Қожатоғай ауылдық округіндегі Қожатоғай елді мекенінің шегі;
8) Маяқұм ауылдық округіндегі Маяқұм елді мекенінің шегі;
9) Отырар ауылдық округіндегі Арыс және Шойманов елді мекендерінің шегі;
10) Талапты ауылдық округіндегі Көкмардан және Ынталы елді мекендерінің шегі;
11) Шілік ауылдық округіндегі Жаңа Шілік елді мекенінің шегі;
12) Темір ауылдық округіндегі Темір елді мекенінің шегі;
13) Шәуілдір ауылдық округіндегі Шәуілдір елді мекенінің шегі өзгертілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан мәслихат сессиясының төрағасы М.Әбдалі
Аудан әкімі Б.Сыздықов
Аудан мәслихатының хатшысы Ә.Махатай