Сарыағаш қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 53-405-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 945 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 қаңтарда N 14-11-181 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Сарыағаш қаласындағы «ВАЗ» техникалық қызмет көрсету станциясының батыс жағында орналасқан атаусыз бірінші көшеге Таңсық Көкебаев атауы берілсін.
      2. Сарыағаш қаласындағы «ВАЗ» техникалық қызмет көрсету станциясының батыс жағында орналасқан атаусыз екінші көшеге Мелдехан Өскенов атауы берілсін.
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш ауданының әкімі                   Ж.Әлсеитов
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Т.Усманов
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б.Каипов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады