Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 17.03.2015 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төлеби аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісімі бойынша), сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар тізімі № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бекмұрзаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Төлеби аудандық сайлау
комиссияның төрағасы: Ө.Қ.Байболатов
«28» ақпан 2011 жыл
Аудан әкімдігінің 28 ақпандағы
2011 жылғы № 124 қаулысының
№ 1 қосымшасы
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі
Ленгір қаласы
«Төлеби аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) аумағы (Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 211).
Қазығұрт ауылдық округі
«Төлеби аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Тоғыс ауылдық дәрігерлік амбулаториясының» аумағы (Тоғыс ауылы Д.Қонаев көшесі).
Бірінші Мамыр ауылдық округі
«Төлеби аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Бірінші мамыр бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының» аумағы (Бірінші мамыр ауылы Д.Қонаев көшесі нөмірсіз үй).
Алатау ауылдық округі
«Алатау жалпы орта мектебі» ММ аумағы (Алатау ауылы Ә.Молдағұлова көшесі № 3).
Қоғалы ауылдық округі
Диханкөл ауылындағы Бәйтерек көшесіндегі ауылдық клуб ғимаратының аумағы.
Қаратөбе ауылдық округі
«Қаратөбе орта мектебі» ММ аумағы (Қаратөбе ауылы Сейітұлы Абдулла көшесі).
Жоғарғы Ақсу ауылдық округі
«Мәдени орта мектебі» ММ аумағы (Мәдени ауылы Бәйшешек көшесі нөмірсіз үй).
Ақжар ауылдық округі
«Ақжар жалпы орта мектебі» ММ аумағы (Ақжар ауылындағы Ғ. Мұратбаев көшесі н/з үй).
Кемеқалған ауылдық округі
«Төлеби аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Абай ауылдық дәрігерлік амбулаторияның» аумағы (Абай ауылы, Кемеқалған көшесі).
Көксәйек ауылдық округі
«М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектебі» ММ аумағы (Көксәйек ауылы Төлеби көшесі).
Зертас ауылдық округі
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Аяулым» бала бақшасының аумағы (Зертас ауылындағы Еламан-Сауран көшесі № 8).
Аққұм ауылдық округі
Момынай ауылындағы № 2 көше бойындағы алаңша.
Тасарық ауылдық округі
Тасарық ауылындағы М.Әуезов көшесінің бойындағы «Жеңіс» саябағының аумағы.
Қасқасу ауылдық округі
Қасқасу ауылындағы Қуандық көшесі № 89 ауылдық мәдениет үйінің аумағы.
Киелітас ауылдық округі
«Төлеби аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Достық ауылдық дәрігерлік амбулаториясының» аумағы (Достық ауылы Астана көшесі).
Аудан әкімдігінің 28 ақпандағы
2011 жылғы № 124 қаулысының
№ 2 қосымшасы
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар тізімі
1. Ленгір қаласы Төлеби көшесі № 237 үй «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
2. Қасқасу ауылдық округі Қуандық көшесі № 89 үй «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Қасқасу ауылдық мәдениет үйі».
3. Көксәйек ауылдық округі Төлеби көшесінің бойындағы «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Жеңіс мәдениет үйі».
4. Қазығұрт ауылдық округі, Тоғыс ауылы «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Қазығұрт ауылдық мәдениет үйі».