Шардара аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы № 29-208-ІV "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қазандағы N 47-354-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қазанда N 14-15-122 тіркелді. Күші жойылды - Шардара аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 сәуірдегі N 4-29-V Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шардара аудандық мәслихатының 2012.04.17 N 4-29-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін бекіту туралы» Шардара аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы № 29-208-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-15-91 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 мамырда «Шартарап-Шарайна» газетінің 24 нөмірінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы қосымшасының кіріспесіндегі «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына»-деген сөздермен толықтырылсын;
      қосымша мынадай 17-1 және 17-2 тармақтармен толықтырылсын:
      «17-1. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органмен азаматтың (отбасының) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі. Тұрғын үй көмегін тағайындауда отбасының жиынтық табысына жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыстар есепке алынбайды;
      «17-2. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін коммуналдық қызметтер ұсынатын коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормасымен нормативтері (тұтынудың орта мөлшері) пайдаланады».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Сессия төрайымы                            Р.Карабаева
 
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т.Бердибеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады