2011 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 10732 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 11 сәуірде № 5-1-165 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 04 қаңтардағы N Ин-5/2 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.01.04 N Ин-5/2 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 29/5 «2011-2013 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-155 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға біржолғы материалдық көмек 2011 жылы 10000 (он мың) теңге мөлшерінде келесі құжаттарды:
      1) біржолғы материалдық көмек көрсету туралы өтінішті;
      2) жеке басын растайтын құжатты;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
      4) Өскемен қаласында тіркелгенін растайтын құжатты;
      5) көп балалы ана мәртебесін растайтын құжатты ұсынғанда жүргізілсін.
      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар және көшірмелер түрінде «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылады, салыстыру құжаттарды ұсынған күні жүргізіледі, одан кейін түпнұсқалар бірден өтініш иесіне қайтарылады.
      Өтінішті қарау және біржолғы материалдық көмек төлемі тіркелген сәттен күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Өскемен қаласының әкімі                   И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады