Халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту бағдарламасы аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі N 75 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 07 қазанда N 5-5-129 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 06 ақпандағы N 160 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.02.06 N 160 қаулысымен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13)14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 457918-1 баптарына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 58 баптарына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту бағдарламасы аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде келесі жолдармен шаралар қабылдансын:
      1) орта, жоғары және жоғарғы білім беретін оқу орындарының түлектері арасындағы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру;
      2) мақсатты топтар арасынан шыққан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру.
      2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
      1) «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркеліп, мақсатты топқа жатқызылғандарды жұмысқа жіберуді жүзеге асыру;
      2) қатысушыларды іріктеу кезінде, оларға қолайлы жұмыстың жоқтығы;
      3) түлектің жасы 29-ке дейін және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы;
      4) жұмыс мерзімі алты айға дейін.
      3. Жұмысқа орналастыру кәсіпорындарда, мекемелерде және меншіктік түріне тәуелсіз ұйымдарда (бұдан былай – Жұмыс беруші) ұйымдастырылып, Бөлімнің Жұмыс берушімен жасаған келісімшарты негізінде өткізіледі.
      4. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Жұмыс беруші мен Қатысушы арасында жасалған еңбек келісімімен белгіленеді.
      5. Орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орындарының түлектері арасындағы қатысушылардың еңбекақысын төлеуді аудандық бюджет қаржысы есебінен олардың жеке шоттарына аудару жолымен Бөлім келесі мөлшерде жүзеге асырады:
      1) жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектеріне ең жоғары радиациялық қауіпті аймағында тұрғандығы үшін толық бір айға қосымша төлемімен қоса, тиісінше қаржылық жылға бекітілген 1,2 ең төменгі еңбек ақы және заңнамалық тәртіппен бекітілген салық салынады;
      2) жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес жоғары және жоғарғы білім беретін оқу орынының түлектеріне толық бір айға ең жоғары радиациялық қауіпті аймағында тұрғандығы үшін қосымша төлемімен қоса, тиісінше қаржылық жылға бекітілген 1,5 ең төменгі еңбек ақы және заңнамалық тәртіппен бекітілген салық салынады;
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған Қатысушылардың еңбек ақысын Жұмыс беруші жеке еңбек келісіміне сәйкес тиісінше қаржылық жылға бекітілген ең төменгі еңбекақы мөлшерінде ай сайын өз қаражатынан, ең жоғары радиациялық қауіпті аймағында тұрғандығы үшін қосымша төлемімен қоса төлейді және белгіленген заңнамалық тәртіппен салық салынады.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған Қатысушылардың еңбек ақысына шыққан Жұмыс берушілердің шығындары аудандық бюджет қаражатынан Қатысушының біреуіне 100% мөлшерінде өтеледі. Аудандық бюджеттен бөлінген қаржы Бөліммен жасалған келісімшартқа сәйкес Жұмыс берушінің есептік шотына аударылады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс жасаған Жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың келіп түсуіне қарай кезектілік тәртібімен жүргізіледі.
      9. "Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 мамырда 5-5-110 нөмірімен тіркеліп, «Абай елі» газетінің 2010 жылғы 20-31 мамырдағы № 14 (095) санында жарияланған) № 207 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. А. Лдибаевқа жүктелсін.
      11. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Абай ауданының әкімі                           Т. Мүсәпірбеков

О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках программы развития сферы социальной защиты населения

Постановление акимата Абайского района Восточно-Казахстанской области от 29 сентября 2011 года N 75. Зарегистрировано Управлением юстиции Абайского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 07 октября 2011 года за N 5-5-129. Утратило силу постановлением акимата Абайского района Восточно-Казахстанской области от 06 февраля 2012 года N 160.

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Абайского района Восточно-Казахстанской области от 06.02.2012 N 160 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      
      В соответствии с подпунктами 13)14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», со статьями 457, 918-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», статьями 58 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2004 года «О государственной молодежной политике в Республике Казахстан», акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Принять меры по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках программы развития сферы социальной защиты населения путем:
      1) трудоустройства безработной молодежи из числа выпускников учебных заведений среднего, высшего и послевузовского образования;
      2) трудоустройства безработных, из числа целевых групп, на социальные рабочие места.
      2. Трудоустройство осуществлять по следующим критериям:
      1) направление на работу осуществлять участников, относящихся к целевым группам и зарегистрированных в качестве безработных в государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Абайского района» (далее – Отдел);
      2) отсутствие в период подбора участников подходящей для них работы;
      3) возраст выпускника до 29 лет и отсутствие опыта работы по специальности;
      4) срок работы не более шести месяцев.
      3. Трудоустройство организовывается и проводится на предприятиях, в учреждениях и организациях, независимо от форм собственности (далее – Работодатель) на основе договора Работодателей с Отделом.
      4. Условия труда определяются трудовым договором, заключенным между Работодателем и Участниками, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
      5. Участникам, из числа выпускников учебных заведений среднего, высшего и послевузовского образования оплата труда производится Отделом, путем перечисления на их лицевые счета из средств районного бюджета в размере:
      1) 1,2 минимальной заработной платы, утверждаемой на соответствующий финансовый год, с дополнительной оплатой за проживание на территории максимального радиационного риска для выпускников учебных заведений среднего профессионального образования за полный месяц, в соответствии с условиями индивидуального трудового договора и облагается налогами в установленном законодательством порядке;
      2) 1,5 минимальной заработной платы, утверждаемой на соответствующий финансовый год, с дополнительной оплатой за проживание на территории максимального радиационного риска для выпускников высшего и послевузовского образования за полный месяц, в соответствии с условиями индивидуального трудового договора и облагается налогами в установленном законодательством порядке.
      6. Оплата труда участникам, принятых на социальные рабочие места, осуществляется Работодателем ежемесячно из собственных средств, в размере минимальной заработной платы, утверждаемой на соответствующий финансовый год, с дополнительной оплатой за проживание на территории максимального радиационного риска, в соответствии с условиями индивидуального трудового договора и облагается налогами в установленном законодательством порядке.
      7. Затраты Работодателей на оплату труда Участников, трудоустроенных на социальные рабочие места частично возмещаются из средств районного бюджета на одного Участника в размере 100% от начисленной заработной платы. Средства из районного бюджета перечисляются на расчетные счета Работодателей в соответствии с договорами, заключенными с Отделом.
      8. Отбор Работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, производится в порядке очередности, по мере поступления официальных предложений.
      9. Признать утратившим силу постановление акимата Абайского района от 22 апреля 2010 года № 207 «О дополнительных мероприятиях по социальной защите молодежи» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5-5-110 от 21 мая 2010 года, опубликовано в газете «Абай елі» от 20-31 мая 2010 года № 14 (095).
      10. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Абайского района Лдибаеву Е. А.
      11. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      
      Аким Абайского района                          Т. Мусапирбеков