Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 207 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда N 5-5-110 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі N 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2011.11.29 N 75 қаулысымен
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 57 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 58 баптарына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша, жастар іс-тәжірибесі түрінде, әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.
      2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
      1) Қатысушылардың «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелуі;
      2) Қатысушылардың іріктеу кезеңіңде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;
      3) Жасы 29 жасқа дейін;
      4) Жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
      3. Меншік түріне тәуелсіз ұйымдарға (бұдан әрі – Жұмыс беруші) Жұмыс беруші мен Бөлім арасындағы шарттың негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.
      4. Еңбек жағдайлары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, Жұмыс беруші мен жұмысқа қабылданған Қатысушының арасындағы еңбек шартымен анықталады.
      5. Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру кезінде, Қатысушылардың еңбек ақысы:
      1) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері үшін толық айға 1,2 ең төменгі жалақы;
      2) жоғары оқу орындарының және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер үшін толық айға 1,5 ең төменгі жалақы мөлшерінде жүргізіледі.
      6. Еңбек ақы төлеу, қаражатты Бөліммен Қатысушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылды.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі:                                       Е. СҮЛЕЙМЕН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады