Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.02.06 N 160 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4, 5, 7, 9, 18-1 баптарына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту бағдарламасы аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде келесі жолдармен шаралар қабылдансын:
1) орта, жоғары және жоғарғы білім беретін оқу орындарының түлектері арасындағы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру;
2) мақсатты топтар арасынан шыққан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру.
2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
1) «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркеліп, мақсатты топқа жатқызылғандарды жұмысқа жіберуді жүзеге асыру;
2) қатысушыларды іріктеу кезінде, оларға қолайлы жұмыстың жоқтығы;
3) түлектің жасы 29-ке дейін және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы;
4) жұмыс мерзімі алты айға дейін.
3. Жұмысқа орналастыру кәсіпорындарда, мекемелерде және меншіктік түріне тәуелсіз ұйымдарда (бұдан былай – Жұмыс беруші) ұйымдастырылып, Бөлімнің Жұмыс берушімен жасаған келісімшарты негізінде өткізіледі.
4. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Жұмыс беруші мен Қатысушы арасында жасалған еңбек келісімімен белгіленеді.
5. Орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орындарының түлектері арасындағы қатысушылардың еңбекақысын төлеуді аудандық бюджет қаржысы есебінен олардың жеке шоттарына аудару жолымен Бөлім келесі мөлшерде жүзеге асырады:
1) жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектеріне ең жоғары радиациялық қауіпті аймағында тұрғандығы үшін толық бір айға қосымша төлемімен қоса, тиісінше қаржылық жылға бекітілген 1,2 ең төменгі еңбек ақы және заңнамалық тәртіппен бекітілген салық салынады;
2) жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес жоғары және жоғарғы білім беретін оқу орынының түлектеріне толық бір айға ең жоғары радиациялық қауіпті аймағында тұрғандығы үшін қосымша төлемімен қоса, тиісінше қаржылық жылға бекітілген 1,5 ең төменгі еңбек ақы және заңнамалық тәртіппен бекітілген салық салынады;
6. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған Қатысушылардың еңбек ақысын Жұмыс беруші жеке еңбек келісіміне сәйкес тиісінше қаржылық жылға бекітілген ең төменгі еңбекақы мөлшерінде ай сайын өз қаражатынан, ең жоғары радиациялық қауіпті аймағында тұрғандығы үшін қосымша төлемімен қоса төлейді және белгіленген заңнамалық тәртіппен салық салынады.
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған Қатысушылардың еңбек ақысына шыққан Жұмыс берушілердің шығындары аудандық бюджет қаражатынан Қатысушының біреуіне 100% мөлшерінде өтеледі. Аудандық бюджеттен бөлінген қаржы Бөліммен жасалған келісімшартқа сәйкес Жұмыс берушінің есептік шотына аударылады.
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс жасаған Жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың келіп түсуіне қарай кезектілік тәртібімен жүргізіледі.
9. "Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 мамырда 5-5-110 нөмірімен тіркеліп, «Абай елі» газетінің 2010 жылғы 20-31 мамырдағы № 14 (095) санында жарияланған) № 207 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. А. Лдибаевқа жүктелсін.
11. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбеков
Халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту бағдарламасы аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Күшін жойғанШығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі N 75 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 07 қазанда N 5-5-129 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 06 ақпандағы N 160 қаулысымен
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз