"Бородулиха ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 17 наурыздағы N 25-3-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы мәслихатының 2011 жылғы 13 маусымдағы N 36-8-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 07 шілдеде N 5-8-134 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 11-5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.12.21 N 11-5-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Бородулиха ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-3-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 сәуірде № 5-8-108 тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 19 (6339) жарияланған) шешімге келесі өзгерістер енгізілсін:
      Ереженің 2 бөлімі 6 тармақ 2 тармақшасының 1 абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      бірінші, екінші топтағы мүгедектер және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың, сексен жастан асқандардың күтімімен айналысатындар;
      Ереженің 5 бөлімдегі 22 тармағының:
      1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      жұмыс істемесе және алименттер төлеу бойынша қарыздары болса немесе тұрғылықты жері белгісіз болса;
      2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болса;
      3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделіп жатса немесе есепте болса;
      4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге үнемі тұруға кеткен жағдайларда.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                     В. Лопатин
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                         Б. Аргумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады