2012 жылы Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 13 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 қаңтарда N 5-8-144 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкім аппаратының 2012 жылғы 04 мамырдағы N 1153 хатымен

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкім аппаратының 2012.05.04 N 1153 хатымен.
      
      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуге алу ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2012 жылы Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу және талдау тапсыру кестесі бекітілсін.
      3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры (У. М. Эфендиев):
      1) медициналық комиссияның құрамын маман-дәрігерлермен, орта дәрігерлік персоналмен, қажетті жабдықтармен, құрал-саймандар және медикаменттермен жасақтау;
      2) әскерге шақырылуға дейінгілерді стационарлық тексеру және емдеу үшін ауданның медициналық мекемелеріне қажетті төсек санының бөлінуін қамтамасыз ету;
      3) тіркеуге алу аяқталғаннан кейін әскерге шақырылуға дейінгілерді емдеу үшін маман-дәрігерлерді тағайындау;
      4) 2012 жылы тіркеуге алынатын азаматтарды базасында медициналық куәландыру және емдеу өткізілетін емдеу мекемелерін белгілеу ұсынылсын.
      4. Ауданның кенттік және ауылдық округтерінің әкімдері, білім берудің мемлекеттік мекемелерінің басшылары тіркеуге алу күні туралы хабарландыруды және әскери-есеп үстелінің мамандары мен оқу орындарының әскери жетекшілерінің алып жүруімен жасөспірімдерді тіркеу комиссиясына дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Р. Т. Рамазановқа) медициналық комиссияның жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының хабарландыруы бойынша тіркеуден жалтарған азаматтарды іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне жеткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      6. «Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (С. Д. Сатыбалдиевқа), «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Н. Қ. Көкшебаеваға) тіркеуге алу кезеңінде әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеуді жүргізу ұсынылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
      8. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                          Г. Акулов
      
      Келісілді:
      
      Бородулиха ауданының қорғаныс              2011 ж. 20 желтоқсан
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы               С. Сатыбалдиев
      
      Бородулиха ауданының ішкі                  2011 ж. 20 желтоқсан
      істер бөлімінің бастығы                            Р. Рамазанов
      
      «Бородулиха ауданының
      медициналық бірлестігі»                    2011 ж. 20 желтоқсан
      КМҚК директоры                                      У. Эфендиев

      2012 жылы Бородулиха ауданының
      корғаныс істері жөніндегі
      бөлімінің шақыру учаскесіне
      тіркелетін жылы он жеті жасқа
      толатын еркек жынысты
      азаматтарды тіркеуді өткізу туралы»
      Бородулиха ауданы әкімінің
      2011 ж.21 желтоқсандағы
      № 13 шешіміне қосымша

      2012 жылы Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың тіркеу бойынша талдау тапсыру
      КЕСТЕСІ

р №

Кенттік және ауылдық округтердің атаулары

барлығы

келу күндері бойынша

06.02.
2012ж.

07.02.
2012ж.

08.02.
2012ж.

09.02.
2012ж.

10.02.
2012ж.

1

Бородулиха

48

3


48



2

Бақы

3

4





3

Дмитриевка

4

7





4

Новодворовка

7






5

Переменовка

7

2



7


6

Степной

2

9





7

Подборный

9






8

Белағаш

10




10


9

Жезкент

35


35




10

Новопокровка

12

6



12


11

Петропавловка

6

2





12

Зубаир

2






13

Андреевка

9





9

14

Уба–Форпост

1




1


15

Новошульба

20





20

16

Красный Яр

7

3




7

17

Жерновка

3






18

Ленин

8




8


19

Таврия

5


5




БАРЛЫҒЫ

198 36 40 48 38 36


      2012 жылы Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеу комиссиясының жұмыс
      КЕСТЕСІ

р №

Кенттік және ауылдық округтердің атаулары

барлығы

келу күндері бойынша

13.02.
2012ж.

14.02.
2012ж.

15.02.
2012ж.

16.02.
2012ж.

17.02.
2012ж.

1

Бородулиха

48



48



2

Бақы

3

3





3

Дмитриевка

4

4





4

Новодворовка

7

7





5

Переменовка

7




7


6

Степной

2

2





7

Подборный

9

9





8

Белағаш

10




10


9

Жезкент

35


35




10

Новопокровка

12




12


11

Петропавловка

6

6





12

Зубаир

2

2





13

Андреевка

9





9

14

Уба–Форпост

1




1


15

Новошульба

20





20

16

Красный Яр

7





7

17

Жерновка

3

3





18

Ленин

8




8


19

Таврия

5


5




Барлығы

198 36 40 48 38 36

   
 
      Әкім аппаратының басшысы                         С. Лазурин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады