"Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істегені үшін лауазымдық қызмет ақыны көтеру белгіленгендерге, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 08 шілдедегі № 410 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 803 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 09 қаңтарда N 5-12-131 тіркелді. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімі аппаратының 2014 жылғы 21 қазандағы N 02-07/0804 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімі аппаратының 21.10.2014 N 02-07/0804 хаты).
      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 2007 жылғы 15 мамырдағы 238-бабының 3-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істегені үшін лауазымдық қызмет ақыны көтеру белгіленгендерге, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 08 шілдедегі № 410 қаулысына (2008 жылы 11 тамызда № 5-12-68 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы қаулының 2 қосымшасындағы 3 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      "3. Мамандар (бас, аға), соның ішінде: кітапханашы, жолбасшы, хореограф, медицина жұмысшысы.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов
      Келісілді:
      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы Г. Денисова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады