Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011.05.19 N 367 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы, 6-тармағына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Катонқарағай ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналасу жерлерінің тізімін қарай келе, барлық үміткерлердің тең құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауының үміткерлері үшін Катонқарағай ауданы көлемінде үгіт насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 03 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне, облыстық және аудандық мәслихаттарына Катонқарағай ауданы бойынша депутат сайлауға байланысты үгіт-насихат құжаттарын орналастыру орындарын анықтау туралы» № 2839 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Мубараковқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Рақышева
Келісілді:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы М. Тлеубаев
Катонқарағай аудандық әкімдігінің
2011 жылғы 21 ақпандағы
№ 283 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауының үміткерлері
үшін Катонқарағай ауданы көлемінде үгіт-насихат баспа
материалдарын орналастыруға арналған орындар
1. Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша:
Үлкен Нарын ауылы – Астана көшесіндегі 22-кәсіптік лицейдің жанында;
Үлкен Нарын ауылы - Ш. Тумашинов көшесі бойындағы ашық базардың жанында;
Үлкен Нарын ауылы - Слямов көшесіндегі май зауытының жанында;
Жұлдыз ауылы - Амангелді көшесі, фельдшерлік пункттің жанында;
Көктерек ауылы - Құсметов көшесі 39 үй, фельдшерлік пункттің жанында;
Балғын ауылы - Омаров көшесі, «777» дүкенінің жанында;
Юбилейное ауылы - Гагарин көшесі, «Эльвира» дүкенінің жанында;
Свинчатка ауылы - Морской көшесі, «Сұңқар» дүкенінің жанында.
2. Новохайрузовка ауылдық округі бойынша:
Алыбай ауылы - Абай көшесі, 13 үй, фельдшерлік пункттің жанында;
Новохайрузовка ауылы - Школьный көшесі, 15 үй, ауыл орталығында;
Приморск ауылы - фельдшерлік пункттің жанында;
Кұңдызды ауылы - фельдшерлік пункттің жанында.
3. Солдатово ауылдық округі бойынша:
Солдатово ауылы - Совет көшесі, спорт кешенінің жанында.
4. Новоберезовка ауылдық округі бойынша:
Новоберезовка ауылы - ауыл орталығындағы «Бекет» дүкенінің жанында;
Майемер ауылы – ауыл орталығындағы «Майемер» дүкенінің жанында;
Үштөбе ауылы – ауыл орталығында;
Яры ауылы - ауыл орталығында.
5. Новополяковка ауылдық округі бойынша:
Новополяковка ауылы - Сельская көшесі, ауыл орталығындағы «Диляра» дүкенінің жанында;
Бесүй ауылы - Қ. Рысқұлбеков көшесі, ауыл орталығындағы дүкеннің жанында;
Огнева ауылы - Қазақстан көшесі, ауыл орталығындағы «Сабина» дүкенінің жанында;
Сенное ауылы - Тәуелсіздік көшесі, ауыл орталығындағы «Тополек» дүкенінің жанында;
Ульян ауылы - Достық көшесі, ауыл орталығында.
6. Аққайнар ауылдық округі бойынша:
Аққайнар ауылы - Абай көшесі, «Қайнар» дүкенінің жанында;
Қызыл Жұлдыз ауылы - Абай көшесі, мектептің жанында;
Қайыңды ауылы - Ә. Молдағұлова көшесі, «Шұғыла» дүкенінің жанында;
Ақмарал ауылы - Маралды көшесі, мектептің жанында.
7. Ақсу ауылдық округі бойынша:
Ақсу ауылы – Ақсу ауылының клубы, пошта ғимаратының жанында;
Жазаба ауылы – МҰТП-нің Жазаба филиалы ғимаратының жанында;
Бекалқа ауылы - МҰТП-нің Бекалқа филиалы ғимаратының жанында;
Ақшарбақ ауылы - МҰТП-нің Ақшарбақ филиалы ғимаратының жанында.
8. Коробиха ауылдық округі бойынша:
Коробиха ауылы – Новосельская көшесінің бойында;
Барлық ауылы – Абай көшесінің бойында;
Үшбұлақ ауылы - Үшбұлақ көшесінің бойында.
9. Өрел ауылдық округі бойынша:
Өрел ауылы – Өрел орта мектебі, балалар бақшасының ғимараты жанында, Қабанбай, Орталық көшелерінде;
Еңбек ауылы – орта мектептің жанында, орталықтағы дүкеннің алдында;
Аршаты ауылы – орта мектептің жанында, орталықтағы дүкеннің алдында.
10. Жамбыл ауылдық округі бойынша:
Жамбыл ауылы – Жамбыл орта мектебінің ғимараты жанында, «Маралды» шаруа қожалығы ғимаратының жанында;
Берел ауылы – Берел орта мектебінің ғимаратының жанында, ауылдық клуб ғимаратының жанында, Берел орманшылығы ғимаратының жанында;
Маралды ауылы – бастауыш мектеп ғимараты жанында, маралшылар бригадасы ғимаратының жанында;
Рахман қайнары ауылы – «Рахман қайнары» ЖШС-нің ғимаратының жанында.
11. Белқарағай ауылдық округі бойынша:
Белқарағай ауылы – Белқарағай ауылының орталық көшесінде «Елтай» дүкенінің қатарында;
Топқайың ауылы – «Алтынай» дүкені көше беттегі қабырғасында;
Өрнек ауылы – «Ауылым» дүкені көше беттегі қабырғасында;
Сөгір ауылы – «Жадыра» дүкені көше беттегі қабырғасында.
12. Катонқарағай ауылдық округі бойынша:
Катонқарағай ауылы – Абай көшесі, 80 үй, мәдениет үйінің маңында, Абай көшесі, 94 үй, «Қаратай» спорт кешенінің маңында;
Қабырға ауылы – мектеп ғимаратының жанында;
Жаңаүлгі ауылы – мектеп ғимаратының жанында;
Шыңғыстай ауылы – Баекин көшесі, пошта бөлімшесінің маңында;
Мойылды ауылы – мектеп ғимаратының жанында.
13. Солоновка ауылдық округі бойынша:
Солоновка ауылы – Совет көшесі, мәдениет үйінің маңында;
Малонарымка ауылы – Совет көшесі, «Жас қанат» шаруа қожалығы ғимаратының жанында.
Аудан әкімі аппаратының басшысы С. Мубараков