Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011.12.30 N 648 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5) тармақшасының, 20 бабының, «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің негізінде, жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әртүрлі топтарын қолдау және мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары бекітілсін (қосымша).
2. Ұйым басшыларына (келісім бойынша) жұмыскерлердің жекелеген санаттарына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге, 18 жасқа толмаған жұмыскерлерге) жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында жасау мүмкіндігін беру сонымен қатар тиісті санаттың еңбек жағдайы ерекшеліктерін есепке алу арқылы және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысандарын қолдану ұсынылсын.
3. Қаулының нормаларын жүзеге асыру жауаптылығы Катонқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Г.Қ Болғамбаева) жүктелсін.
4. «2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 251 қаулысының күші жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т. Рақышеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Бекбосынов
Катонқарағай аудандық әкімдігінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 357 қаулысымен бекітілген
2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін
ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі,
қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыстардың нақты
жағдайлары
№ |
Ұйымдар аты |
Қоғамдық жұмыс түрлері |
Атқарылатын жұмыстар көлемі |
Сұраныс (жарияланған қажеттілік) |
Ұсыныс (бекітілген) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
"Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Жеке тұлғаларды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйені нақтылау, толтыру жұмыстарына көмектесу; |
Күніне 20-25 құжат; |
3 |
3 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
2 |
"Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың 7960 жалпы адам санымен 6 ауыл, 2229 үй; |
54 |
54 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
3 |
"Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың 2031 жалпы адам саны-мен 4 ауыл, 527 үй; |
16 |
16 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
4 |
"Солоновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың 2394 жалпы адам санымен 2 ауыл, 568 үй; |
15 |
15 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
5 |
"Ново-Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың 2975 жалпы адам санымен 4 ауыл, 615 үй; |
12 |
12 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
6 |
"Ново-Поляковка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың 1582 жалпы адам санымен 4 ауыл, 349 үй; |
12 |
12 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
7 |
"Солдатово ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың жалпы 1245 адам санымен 1 ауыл, 233 үй; |
10 |
10 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
8 |
"Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың 6819 жалпы адам санымен 5 ауыл, 1100 үй; |
28 |
28 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
9 |
"Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың 1454 жалпы адам санымен 3 ауыл, 321 үй; |
12 |
12 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
10 |
"Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту); |
Айына 3200 шаршы метр; |
8 |
8 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
11 |
"Белқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың 2161 жалпы адам санымен 4 ауыл, 412 үй; |
12 |
12 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
12 |
"Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың 2683 жалпы адам санымен 4 ауыл, 468 үй; |
16 |
16 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
13 |
"Жамбыл ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың 1622 жалпы адам санымен 5 ауыл, 359 үй; |
9 |
9 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
14 |
"Өрел ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі |
Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру; |
Тұрғындардың 2753 жалпы адам санымен 3 ауыл, 587 үй; |
9 |
9 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
15 |
"Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Ағымдағы және мұрағаттық құжаттарымен жұмыс істеу; |
Айына 500 құжат; |
5 |
5 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
16 |
"Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Үй-жайларды жинастыру; |
Күніне 107 шаршы метр; |
2 |
2 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
17 |
"Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Үй-жайларды жинастыру; |
Күніне 64 шаршы метр; |
2 |
2 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
18 |
«Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және кұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу (өңдеу, құру, тігу); |
Айына 40-50 құжат; |
1 |
1 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
19 |
«Катонқарағай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыстарға көмектесу (өңдеу, құру, тігу) |
Айына 50-60 құжат; |
1 |
1 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
20 |
"Нұр Отан" ХДП қоғамдық бірлестігі Катонқарағай аудандық филиалы |
Ағымдағы және мұрағаттық құжаттарымен, партия мүшелерінің картотекасы бойынша жұмыстарға көмектесу; |
Айына 50-60 құжат; |
4 |
4 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
21 |
«Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті Катонқарағай аудандық статистика басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Үй-жайларды жинастыру; |
Күніне 75 шаршы метр; |
2 |
2 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
22 |
Катонқарағай аудандық пошта байланысының торабы |
Пошта хат-хабарларын тасымалдау |
Жылына 9440 дана |
22 |
22 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
23 |
«Катонқарағай ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі |
Спорттық іс-шараларды өткізуге көмектесу |
Айына 4-5 шара |
2 |
2 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
24 |
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Катонқарағай аудандық әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу; |
Айына 500 құжат; |
1 |
1 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
25 |
«Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Әскерге шақырылушының іс-құжаттарын құру, тігу жұмыстары; |
Айына 115 құжат; |
2 |
2 |
Катонқарағай ауданының бюджеті |
Барлығы: |
260 |
260 |
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орынын толтыру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шартымен қарастырылады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы С. Мубараков