РҚАО-ның ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 18.04.2014 № 3289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi 1, 2, 3, 4қосымшаларға сәйкес анықталсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 18.04.2014 № 3289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Тізбе келісуге Күршім аудандық мәслихатына ұсынылсын.
3. 2011 жылғы 19 тамыздағы "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 2193 қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | А. Сеитов |
|
|
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, шаруашылық, оқу кабинеті, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандықтағы мұғалімдер, аға тәрбиеші, тәрбиеші, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, тәлімгер, концертмейстер, әдістемеші, механик, көркем жетекші, музыкалық жетекші, әлеуметтік педагог, психолог, аккомпаниатор, нұсқаушы.
3. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапханашы, зертханашы, бухгалтер, экономист, медициналық бике, барлық атаудағы техниктер, хормейстер, хореограф, дәрігер.
4. Техникалық орындаушылар, оның ішінде: іс жүргізуші, хатшы, тәрбиешінің көмекшісі.
Күршім ауданының білім бөлімінің бастығы | Ә. Қосамбеков |
|
|
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2012.04.02 № 2471 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Мемлекеттік мекеме басшысы.
2. Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі.
3. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, консультант (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі), бухгалтер, психолог.
Күршім ауданының жұмыспен қамту | |
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы | С.Такенова |
|
|
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Мәдениет мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшылары және басшыларының орынбасарлары, бөлім жетекшісі, оның ішінде: көркемдік жетекші, кітапхана, клуб, мұражай меңгерушісі.2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: әртіс, кітапханашы, бухгалтер, мәдени ұйымдастырушы, концертмейстер, музыкалық жетекші, музыкатанушы, әдістемеші, барлық атаудағы суретшілер, актер, үйірме жетекшісі, режиссер, экономист, хормейстер, мұражай қорларын сақтаушы, қоюшы оператор, кинобейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы.
3. Техникалық орындаушылар, соның ішінде: іс жүргізуші, мұражай қараушысы.
Күршім ауданының мәдениет | |
және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы | Б. Өлмесеков |
|
|
"Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi
Ескерту. Қаулы 4 қосымшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 18.04.2014 № 3289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Директор;
2. Директордың орынбасары;
3. Филиалдың директоры;
4. Ветеринарлық пункт меңгерушісі;
5. Мал дәрігері;
6. Мал фельдшері.