Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 2253 "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 3289 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 мамырда № 3365 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 258 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 31.08.2016 № 258 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Күршім аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 2253 "Ауылдық (селолық) жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-14-137 тіркелген, 2011 жылғы 29 қазанда № 86 "Рауан", № 86 "Заря" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы";
      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес анықталсын.";
      көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Р. Үмітбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім ауданының әкімі А.Сеитов

      "КЕЛІСІЛДІ":
      Күршім аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ. Әбілмәжінов

      " 18 " сәуір 2014 жыл

  Күршім аудандық әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 2253 қаулысына қосымша
Күршім аудандық әкiмдiгiнiң
2014 жылғы " 18 " сәуірдегі
№ 3289 қаулысына 4 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Директор;
      2. Директордың орынбасары;
      3. Филиалдың директоры;
      4. Ветеринарлық пункт меңгерушісі;
      5. Мал дәрігері;
      6. Мал фельдшері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады