Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 25 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 ақпанда № 4415 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 331 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 07.12.2016 № 331 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18-бабының 2) - тармақшасына, 139 - бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 2253 "Ауылдық (селолық) жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-14-137 тіркелген, 2011 жылғы 29 қазанда № 86 "Рауан", № 86 "Заря" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Р. Үмітбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім
      ауданының әкімі С. Чукаев
      "КЕЛІСІЛДІ":
      Күршім аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ. Әбілмәжінов

      " 26 " қаңтар 2016 жыл

  Күршім ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 25 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамтамасыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме басшысы және басшысы орынбасары;
      2) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі.
      3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, консультант (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі), бухгалтер, психолог.
      2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      3) әлеуметтік педагог;
      4) педагог-психолог;
      5) оқытушы;
      6) тәрбиеші;
      7) музыкалық жетекші;
      8) мәдени ұйымдастырушы;
      9) әдістемелік кабинеттің жетекшісі;
      10) әдіскер;
      11) тәлімгер;
      12) инспектор;
      13) шеберхананың меңгерушісі;
      14) тифлопедагог;
      15) барлық аталымдағы суретшілер;
      16) Мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапханашы, зертханашы, бухгалтер, экономист, медициналық бике.
      3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
      1) директор, басшысы;
      2) бөлімше басшысы;
      3) директордың, басшының орынбасары;
      4) сектордың, бөлімнің меңгерушісі;
      5) барлық аталымдағы суретшілер;
      6) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
      7) мұражайдағы бас сақтаушы, қор сақтаушы;
      8) мұражай қараушысы;
      9) әдіскер, аға әдіскер;
      4. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:
      1) басшы, директор;
      2) директордың, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
      3) нұсқаушы, әдіскер нұсқаушы;
      4) медициналық зертханашы;
      5) медициналық бике;
      6) әдіскер;
      7) психолог;
      8) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы;
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің басшысы және орынбасары;
      2) ветеринарлық дәрігер;
      3) ветеринарлық эпизоотолог;
      4) ветеринарлық паразитолог;
      5) ветеринарлық техник;
      6) ветеринарлық санитар;
      7) ветеринарлық фельдшер;
      8 )малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі оператор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады