2011 жылғы 28 қыркүйектегі "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 2253 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 сәуірдегі N 2471 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 02 мамырда N 5-14-153 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 28 қыркүйектегі «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» № 2253 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 5-14-137 болып 21 қазан 2011 жылы тіркелген, 2011 жылғы 29 қазандағы № 86 «Рауан», 2011 жылғы 29 қазандағы № 86 «Заря» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулыға 2 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету лауазымдарының тізбесі келісуге Күршім аудандық мәслихатына ұсынылсын.
      3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Д.Үмітбаеваға жүктелсін.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі                    А. Сеитов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Күршім аудандық
      мәслихатының хатшысы                      Қ. Әбілмәжінов
      30.03.2012 ж.

Күршім ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 02 сәуірдегі
№ 2471 қаулысына қосымша

Күршім ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 2253 қаулысына 2 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі
жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген
әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме басшысы.
      2. Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі.
      3. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, консультант (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі), бухгалтер, психолог.
 
      Күршім ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          С. Такенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады