2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы N 15 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 13 қаңтарда N 5-18-140 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 07 тамыздағы N 04-09/2032 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 07 тамыздағы N 04-09/2032 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33–бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес Үржар ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурызда 2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды есепке тіркеуді өткізу «Үржар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
      2. «Үржар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне есепке тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. «Үржар ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналды мемлекеттік казыналық кәсіпорнына жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлерінің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Б. Жанақов

      Келісілді:

      «Үржар ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Қ. Құлсеитов

      26 желтоқсан 2011 ж.

      «Үржар ауданының № 1
      медициналық бірлестігі»
      коммуналды мемлекеттік
      казыналық кәсіпорынның директоры           Б. Мадрахимов

      26 желтоқсан 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады