Благодарное ауылдық округі аймағында ірі қара малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Благодарное ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 20 сәуірде N 5-18-120 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы Благодарное ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 03 қарашадағы N 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Благодарное ауылдық округі әкімінің 2011.11.03 N 15 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 24 қарашадағы № 05-15-1049 ұсынысы негізінде Благодарное ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Благодарное ауылдық округінің аймағында ірі қара малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
      2. Благодарное ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы М. Төлековке (келісімі бойынша) осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Үржар аудандық № 2 медициналық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Н. Жакияноваға (келісімі бойынша) Благодарное ауылдық округі тұрғындарының медициналық байқауын өткізу ұсынылсын.
      4. Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллинға (келісімі бойынша) бруцеллез ауруына шалдыққан адамдарды дер кезінде анықтауға және оларды емдеу шаралары қабылдау ұсынылсын.
      5. Благодарное ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы Т. Оразхановқа (келісімі бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      6. Благодарное ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық дәрігері Т. Ибраевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      7. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Благодарное ауылдық
      округінің әкімі                               Қ. Қасенов

      Келісілді:

      Благодарное ауылдық округінің
      мемлекеттік ветеринариялық-
      санитариялық инспекторы                       М. Төлеков

      18 наурыз 2011 ж.

      "Үржар аудандық № 2 медициналық
      бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорынының директоры             Н. Жакиянова

      18 наурыз 2011 ж.

      Үржар ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы               Б. Нигматуллин

      18 наурыз 2011 ж.

      Благодарное ауылдық округінің
      учаскелік полиция инспекторы                  Т. Оразханов

      18 наурыз 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады