Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің 2011.11.29 N 11 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2011 жылдың 14 маусымдағы № 521 ұсынысы негізінде Жаңа тілек округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңа тілек ауылдық округінің аймағында мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
2. Жаңа тілек ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторы Т. Қуанышбековке осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Үржар ауданының № 1 медициналық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Б.Мадрахимовқа Жаңа тілек ауылдық округінен бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен малдармен қарым-қатынастағы адамдарды медициналық байқаудан өткізу ұсынылсын.
4. Жаңа тілек ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы Е. Юсупбаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
5. Жаңа тілек ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық дәрігері Қ. Кунчаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
6. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңа тілек ауылдық
округінің әкімі Қ. Карыбаев
Келісілді:
Жаңа тілек ауылдық округінің
мемлекеттік ветеринариялық
санитариялық инспекторы Т. Қуанышбеков
«18» шілде 2011 ж.
Үржар аудандық № 1 медициналық
бірлестігі коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры Б. Мадрахимов
«18» шілде 2011 ж.
Жаңа тілек ауылдық округінің
участкелік полиция инспекторы Е. Юсупбаев
«18» шілде 2011 ж.