Қаратал ауылдық округі аймағында ірі қара және мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 12 сәуірде N 5-18-116 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 03 қарашадағы N 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2011.11.03 N 10 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 24 қарашадағы № 05-15-1045 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қаратал ауылдық округінің аймағында ірі қара және ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
      2. Қаратал ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы А. Қалиевке (келісімі бойынша) осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Үржар аудандық № 2 медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Н. Жакияноваға (келісімі бойынша) Қаратал ауылдық округі тұрғындарының медициналық байқауын өткізу ұсынылсын.
      4. Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллинға (келісімі бойынша) бруцеллез ауруына шалдыққан адамдарды дер кезінде анықтауға шаралар қабылдау ұсынылсын.
      5. Қаратал ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы Т. Қожамсейтовке (келісімі бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      6. Қаратал ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық -санитариялық дәрігері Б. Кәрібжановқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қаратал ауылдық округінің әкімі                Б. Қасенов
 

      Келісілді:

      Қаратал ауылдық округінің
      мемлекеттік ветеринариялық-
      санитариялық инспекторы                        А. Қалиев

      18 наурыз 2011 ж.

      Үржар аудандық № 2 медициналық
      бірлестігі коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорынының директоры             Н. Жақиянова

      18 наурыз 2011 ж.

      Үржар ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы               Б. Нигматуллин

      18 наурыз 2011 ж.

      Қаратал ауылдық округінің
      учаскелік полиция инспекторы                  Т. Қожамсейтов

      18 наурыз 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады