Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 23/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–ІV Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Шемонаиха ауданы бойынша салық салу бірлігіне тіркелген төлем ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы № 16/3-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-91 тіркелді, 2009 жылғы 06 наурызда "Уба-Информ" газетінің № 10 санында жарияланды) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Руденко |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ә. Баяндинов |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/6-ІV шешiмiне қосымша |
Бірыңғай тіркелген салықтың ставкасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011.12.21 № 41/6-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың ставка мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
3 | Бильярд үстелі | 5 |
4 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
5 | Ойын жолы | 5 |
6 | Карт | 2 |