Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 23/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/6–IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-146 тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2011 жылғы 21 сәуірде № 16 санында жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Айтмұхамед |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ә. Баяндинов |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/6-ІV шешiмiне қосымша |
Бірыңғай тіркелген салықтың ставкасы
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың ставка мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
3 | Бильярд үстелі | 5 |
4 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
5 | Ойын жолы | 5 |
6 | Карт | 2 |