Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012.11.21 N 6/3-V шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы № 21/6–IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-107 тіркелген, «Уба-Информ» газетінде 2009 жылы 27 қарашада № 48 санында жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықтың «Жалпы ережелер» 1-бөлімі 3–тармағындағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек жыл сайын біржолғы ақшалай төлем түрінде 7200 теңге мөлшерінде көрсетіледі.».
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Шемонаиха аудандық
мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов