Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмегін тағайындау және көрсету жөніндегі Нұқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 тамыздағы N 38/9-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 07 қыркүйекте N 5-19-153 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 шілдедегі N 4/13-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012.07.12 N 4/13-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1–тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмегін тағайындау және көрсету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Т. Абайдельдинов
 

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Ә. Баяндинов

Шемонаиха аудандық
мәслихаты сессиясының
2011 жылғы 23 тамыздағы
№ 38/9–IV шешімімен
бекітілген

Азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмегін
тағайындау және көрсету жөніндегі
Нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1–тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Нұсқаулықтың іс-әрекеті «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін қатынастарға тарамайды.

1. Жалпы ережелер

      3. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) ақшалай төлем түрінде көрсетіледі. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, мөлшері және түрлері осы нұсқаулықпен белгіленеді.
      4. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, Шемонаиха ауданында тіркелген және тұратын оралмандарға ұсынылады.
      5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі Шемонаиха ауданының бюджеті болып табылады.
      6. Әлеуметтік көмек «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтiк көмек» бюджеттік бағдарламасының әкімгері болып табылатын «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) бюджеттік бағдарламасына сәйкес және аудан бюджетінде осы мақсаттарға тиісті қаржылық жылға көзделген қаржы шегінде ұсынылады.

2. Әлеуметтік көмек алу құқығы

      7. Біржолғы әлеуметтік көмегін алуға құқылы:
      1) өткен тоқсан қорытындысы бойынша анықталатын отбасының бір мүшесіне бөлгенде күн көріс деңгейінен төмен табысы бар тұрмысы төмен отбасылар (азаматтар);
      2) шұғыл әлеуметтік көмекке мұқтаж (онкологиялық науқастарды емдеуге; операциялар жасау қажеттілігі; Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитальға жету жол ақысына; өрт; денсаулығының нашарлауы; бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығу; апаттар; су тасқыны және комиссия шешімімен анықталған басқа да тосын жағдайлар) белгілі жағдайларға тап болған тұлғалар (отбасылар), сондай-ақ жан басына шаққандағы табысына қатысы жоқ, мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттары.
      8. Ай сайынғы әлеуметтік көмегін алуға құқылы:
      1) коммуналдық қызмет көрсету шығындар өтемақысына Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар мен облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлер;
      2) ЖОО оқыту үшін, тұрмысы төмен отбасынан шыққан, «Алтын Белгі» белгісімен марапатталған мектеп түлектері. Төлем мөлшері айына 15 000 (он бес мың) теңге;
      3) Шемонаиха ауданының аумағында тұратын, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, стационарлық емделуде жатқан азаматтарды қоспағанда, диспансерлік есепте тұрған азаматтар (қосымша тамақтану мен жол ақымен қамтамасыз етілуге);
      4) МӘС (медициналық әлеуметтік сараптама) қорытындысы бар, оларды алып жүрген тұлғалардың жол жүруі үшін қала ішіндегі көлік қызметін пайдаланатын көзі көрмейтін мүгедектер. Төлем мөлшері – айына 500 (бес жүз) теңге.

3. Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік
көмекті тағайындау

      9. Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесіне (азаматқа), жеке жазбаша өтініші бойынша жылына бір рет материалдық көмек түрінде, комиссия шешімі негізінде келесі түрде ұсынылады:
      1) шұғыл әлеуметтік қолдауға көмек:
      шығындары айлық табыстың үш есе мөлшерінен асатын, шұғыл қымбат тұратын емдеу, төлемнің мөлшері 20 000 (жиырма мың) теңге;
      онкологиялық сырқаттарды емдеуге, біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері 10 000 (он мың) теңгені құрайды;
      тұрмысы төмен азаматтарға азық-түлікке, біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері 5 000 (бес мың) теңгені құрайды;
      өртке қарсы қызметтің қорытындысы бойынша қасақана өртеуді қоспағанда, өрт, су тасқыны, табиғи апат. Өмір сүруге қаражатсыз қалған тұлғаларға берілетін көмек мөлшері отбасына 40 000 (қырық мың) теңгені құрайды, үй тұрмысындағы заттарға жартылай зиян келген кезде көмектің мөлшері отбасына 20 000 (жиырма мың) теңгені құрайды;
      2) осы Нұсқаулықпен анықталған мөлшерінде отбасының жиынтық табысын есепке алмағанда азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге көмек.
      10. Жазбаша өтініш пен осы Нұсқаулыққа сәйкес қоса берілетін құжаттар негізінде біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімді азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қабылдайды. Комиссия құру процедуралары мен құқықтық мәртебе Шемонаиха ауданы әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.
      Комиссия материалдық көмекті бөлу немесе бас тарту туралы шешім шығаруға құқылы. Өтініш беруші қабылданған шешім туралы жазбаша түрде үш күнтізбелік күн ішінде хабарландырылады.
      Бас тарту туралы шешім мынадай жағдайларда қабылданады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық жылға бекітілген отбасының жиынтық табысы адам басына шаққанда күн көріс деңгейінен асқанда;
      2) І, ІІ топ мүгедектерін күтумен, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеумен, 80 жастан асқан тұлғаларды күтумен айналысатын тұлғаларды, 7 жасқа дейінгі баланы күтумен айналысатын тұлғаларды, 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналарды қоспағанда, отбасы құрамында жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмысқа жарамды тұлғалары бар болса;
      3) егер қымбат тұратын шұғыл емделуге және шығын көп шықпайтын емделуге баламалы мүмкіндік болса.
      Өтініш беруші Комиссия шешіміне қолданыстағы заңнамалық тәртіппен шағым жасауға құқылы.
      11. Біржолғы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғалар Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініш;
      2) жеке куәлігін растайтын құжат;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) өтініш берушінің материалдық көмекке мұқтаждығын растайтын құжаттар (емделу, операция құны, медициналық тексеру туралы медициналық мекеменің қорытындысы, өртке қарсы қызметтің немесе төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың қорытындысы);
      6) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      7) өтініш беруші тұратын аумақтағы қала, кенттер, селолық округі әкімі аппаратының өкілі жазып, округ әкімі бекіткен тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
      8) екінші деңгейдегі банк шоты.
      Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады, содан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарып беріледі.
      Құжаттарды қарау мерзімі қабылданған күннен бастап 15 күнтізбелік күнді құрайды.
      Әлеуметтік көмекті Бөлім «Қазпочта» АҚ филиалына тағайындалған соманы үш банктік күн ішінде Өтініш берушілердің жеке шотына аудару жолымен жүргізеді.

4. Мерекелік күндерге азаматтардың жекелеген санаттарына
біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау

      12. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жылдығын мерекелеуге материалды түрде сыйлық беріледі:
      1) 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында жанкешті еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін марапаттауға жатқызылған бұрынғы КСР Одағының медалімен марапатталған тұлғаларға – 2 000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
      3) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлеріне - 1 000 (бір мың) теңге мөлшерінде;
      4) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа, Ленинград қаласын қоршау кезіндегі жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға - 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;
      5) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа, бұрынғы фашистік концлагердің кәмелетке толмаған тұтқындарына - 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;
      6) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында хабарсыз жоғалған, қайтыс болған, опат болған жауынгерлердің жесір әйелдеріне - 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      7) Ақталғандар, осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатындарға – 2 000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
      8) қала, кент, селолық округі әкімдерінің ұсынуымен аудан әкімінің қабылдауына Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жылдығын мерекелеуге шақырылған тұлғаларға 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде.
      13. «8 наурыз» күніне және (1 маусым) Балаларды қорғау күніне «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға, 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, бөлінген трансферттер шегінде әлеуметтік көмек көрсетіледі; көмек мөлшері 5 000 (бес мың) теңге;
      Қала, кент, селолық округі әкімдерінің ұсынуымен 8 наурызға арналған аудан әкімінің қабылдауына шақырылған тұлғаларға 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде.
      14. 1 қазан қарттар күнін және 10 қазан мүгедектер күнін мерекелеуге әлеуметтік көмек төленеді:
      1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа, сәйкес қаржылық жылда 80-ге және одан асқан қарт адамдарға. Әлеуметтік төлемнің мөлшері - 1 000 (бір мың) теңге;
      2) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа, І, ІІ топ мүгедектері, осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар - 2 000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
      3) мүгедек балалар (16 жасқа дейінгі). Әлеуметтік төлемнің мөлшері - 2 000 (екі мың) теңге;
      4) қала, кент, селолық округі әкімдерінің ұсынуымен аудан әкімінің қабылдауына қарттар күнін мерекелеуге шақырылған тұлғаларға 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде.
      15. Ауғаныстаннан әскерді шығару (15 ақпан) күніне біржолғы көмек алуға құқылы:
      1) Ауғаныстан соғысының қатысушылары мен мүгедектері. Көмектің мөлшері – 25 000 (жиырма бес мың) теңге;
      2) Ауғаныстанда қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналары. Көмектің мөлшері – 10 000 (он мың) теңге.
      16. Чернобыль АЭС-індегі апат құрбандарын еске алу (26 сәуір) күніне орай 1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысқандар құқылы. Көмектің мөлшері 25 000 (жиырма бес мың) теңге.
      17. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабын орындауда бөлінген трансферттер шегінде коммуналдық қызметтер өтемақысына берілетін әлеуметтік көмек:
      1) Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға айына 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
      2) облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге айына 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде.
      18. Көмек Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының мәліметтеріне сәйкес үш банктік күн ішінде жүзеге асырылады.

5. Мерзімді басылымдарға жазылуға берілетін әлеуметтік көмек

      19. «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Рудный Алтай», «Дидар» мерзімді басылымдарға жазылуға әлеуметтік көмек ұсынылады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) ауданның ардагерлер кеңесінің мүшелеріне.
      Шемонаиха ауданының ардагерлер кеңесі ардагерлер кеңесі төрайымының қолы қойылған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және ауданның ардагерлер кеңесі мүшелерінің аудандық тізімдерін Бөлімге ұсынады. Ұсынылған тізімге сәйкес газеттерге жазылу ресімделеді.
      Газетке жазылуға берілетін әлеуметтік көмек келесі жылдың бірінші жартыжылдығында жазылу кезіндегі (бір дана) мерзімді басылымға жазылу құны мөлшерінде анықталады. Газетке жазылуды ресімдеу күнтізбелік жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылады.

6. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарға
ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындау

      20. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтанумен қамтамасыз етуге және тұрғылықты жерінен туберкулезге қарсы кабинетке дейінгі екі жаққа жол жүру ақысына арналған әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде ұсынылады.
      21. Әлеуметтік көмекті тағайындауды аудандағы медициналық бірлестігіндегі туберкулезге қарсы кабинеттің берген тізімдеріне сәйкес, Бөлім жүзеге асырады.
      22. Осы нұсқаулықтың 20-тармағында көрсетілген тұлғалар Бөлімге диспансерлік есепте тұрғандығын растайтын туберкулезге қарсы кабинет берген қосымша анықтаманы тапсырады.
      23. Балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін ата-анасының біреуі, не заңды өкілі (қамқоршысы, жанашыры, патронатты тәрбиешісі) 22-тармақта көрсетілген құжаттарды, сонымен қоса баланың жеке басын куәландыратын құжаттар мен қамқоршы, жанашыр, патронатты тәрбиеші мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады.
      24. Қосымша тамақтануға арналған әлеуметтік көмек мөлшері күніне 300 (үш жүз) теңгені құрайды. Төлем айына күн санын есепке ала отырып тағайындалады және стационарлық емдеуде болған күндерін алып тастау арқылы ағымдағы айдың басында жүргізіледі.
      25. Ауылдық жерде тұратын 20-тармақта көрсетілген тұлғаларға емделу кезінде ай сайын Шемонаиха қаласындағы фтизиатрға келген жолақысы тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның Бөлімге ұсынған баға тізіміне сәйкес, екі жаққа маршрутты таксимен жол жүру ақысы бойынша төленеді.

7. Әлеуметтік көмектің жүзеге асырылуына бақылау жасау

      26. Әлеуметтік көмектің көрсетілуі жөніндегі бақылау мен есеп беру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады