Ақжайық ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 117 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 22 шілдеде № 3066 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011.08.10 № 141 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 "Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Ақжайық ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 маусымдағы  №169 "Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Лбішін ауылы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" қаулысын және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 маусымдағы № 1-12-1137 ұсынбасын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақжайық ауданының аумағын келесі аймақтарға бөлу жүргізілсін:
      1) Ақжол ауылдық округінің Лбішін ауылы аумағын қамтитын 8 шақырымдық радиустағы аусыл эпизоотиялық ошағымен қолайсыз аймағына;
      2) Ақжол ауылдық округінің Қабыл ауылы, Молқұдық, Райка, Орынғали, Антошка, Қосауыз, Ащықұдық, Мертемьян, Парфель, Иван-Власка, Достық, Қабдолла, Артур, Котельный, Әбди, Соқыр, Катон қыстақтары, Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылы, Мерген ауылдық округінің Мерген, Мойылды ауылдары, Шығанақ, Ақбала, Саралжын, Мұқанқұдық, Ашықұдык, Ғиният, Тасқұдық, Мәдіғали, Тасан, Бектілеу қыстақтары, Есенсай ауылдық округінің Есенсай, Тасоба ауылдары, Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы, Қызылжар, Бесқыстау қыстақтары аумағын қамтитын 25 шақырымдық радиустағы буферлік аймағына;
      3) Ақжол ауылдық округінің Битілеу ауылы, Жайылбай, Сапарғали, Ақ үй, Ихсанкөл, Қуандық, Мыңбай-1, Мыңбай-2, Ескі Кардон, Мақсат, Дінәсіл қыстақтары, Ақсуат ауылдық округінің Ақбұлақ ауылы, Жагор, Найза, Аяна, Ақсуат, Мұқадес, Алтынбек қыстақтары, Мерген ауылдық округінің Карачинская, Жолап, Нух, Қонашкөл, Ақкүтір, Ахмет, Мақсат, Әбілсай, Жаңақұдык, Зинеш, Грачи-1, Грачи-2 қыстақтары, Жайық ауылдық округінің Холдиев қыстағы аумағын қамтитын 50 шақырымдық радиустағы бақылау аймағына;
      4) белгіленген аймақтар шегінен тыс орналасқан Ақжайық ауданының аумақтары қолайлы аймақтарға жатқызылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), Ақжайық ауданының аудан және ауылдық округінің әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 20 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Облыс әкімі                      Б. Ізмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      Бас мемлекеттік ветеринариялық-
      санитарлық инспекторы
      _____________Б. Е. Айтуганов
      18.07.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады