Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің 2012.02.16 № 1 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Жаңақала ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарды медициналық тексеруден (емделуге) өткізу жөнінде шаралар алу ұсынылсын.
3. "Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Жаңақала ауданының шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыруға техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары З. Сисенғалиға жүктелсін.
Аудан әкімі Л. Хайретдинов
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________А. А. Жұбанышқалиев
26.12.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
әкімдігі, Батыс Қазақстан
облысының денсаулық сақтау
басқармасының "Жаңақала
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынының
директоры
_____________С. С. Уразгалиев
26.12.2011 ж.