Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округі Жалпақтал ауылының Анесов көшесіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 ақпандағы N 17 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 16 наурызда N 7-8-123 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 84 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 12.04.2011 № 84 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 20 қаңтардағы N 43 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малынан құтыру ауруы пайда болуына байланысты, Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округі Жалпақтал ауылының Анесов көшесіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгіленсін.
      2. Шектеудің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) және Казталов Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Казталов ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (келісім бойынша) ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. И. Құтқожинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Т. Сапаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      ҚР АШМ АӨҚ мемлекеттік
      инспекция комитетінің
      Казталов аудандық
      аумақтық инспекциясының
      бастығы
      _____________Малахов Арген Сәбитұлы
      14.02.2011 ж.

      БҚО бойынша ҚР ДСМ МСЭҚ
      Комитеті Департаментінің
      Казталов ауданы бойынша
      МСЭҚ басқарма бастығы
      _____________Хайдаров Талған Қалиханұлы
      14.02.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады