2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 сәуірдегі № 49 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 мамырда № 7-10-103 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 52 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2012.02.01 № 52 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскер қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын. Аудандық шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.
      3. Шақыру учаскесі Жымпиты ауылы, Жұмағалиев көшесі 13 мекен-жайда орналасқан "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында ұйымдастырылсын.
      4. Сырым ауданы бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
      5. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
      6. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорына (келісім бойынша) медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкiмен қамтамасыз етсін.
      7. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің Сырым ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірінен туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Турегалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Е. Нысанғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысы
      Сырым ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________К. Маканов
      02.04.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі, денсаулық сақтау
      басқармасының "Сырым
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________А. Дүйсенгалиев
      02.04.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаментінің
      Сырым ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      _____________Т. Ниязғалиев
      02.04.2011 ж.

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 2 сәуірдегі
№ 49 қаулысына қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Маканов Қайрат Ұзақбайұлы

-

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы

-

аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері

Кубашев Гиззат Оразғұлұлы

-

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Какимжанова Аккүміс Ұзақбайқызы

-

аудандық орталық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)

Султанова Гүлбарам Бақытжанқызы

-

медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Резервтік құрамы

Муканов Ербол Мақсотұлы

-

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Макашев Ерлан Қабдолуапұлы

-

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері

Ниязғалиев Тимур Қабылұлы

-

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің Сырым ауданының ішкі істер бөлімі бөлімінің бастығының міндетін атқарушы (келісім бойынша)

Мендешов Сабыр Әбділхалықұлы

-

аудандық орталық аурухананың бөлім меңгерушісі, медициналық комиссияның төрағасы, (келісім бойынша)

Кыдыралина Манар Бекниязқызы

-

медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Аудандық медициналық комиссия құрамы

      Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер

      Дәрігер-мамандар:
      Хирург
      Офтальмолог
      Невропатолог
      Эндокринолог
      Дерматолог
      Фтизиатр
      Отоларинголог
      Терапевт
      Психиатр
      Стоматолог

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 2 сәуірдегі
№ 49 қаулысына қосымша

Сырым ауданы бойынша азаматтарды
әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

Р/с

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім

Комиссияның жұмыс күндері,
уақыт 8:30-дан 12:30-ға дейін

сәуір

ма-
мыр

мау-
сым

қазан

қа-
раша

жел-
тоқ-
сан


"Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

01.04.2011
04.04.2011
05.04.2011
06.04.2011
07.04.2011
11.04.2011
12.04.2011



03.10.2011
04.10.2011
05.10.2011
06.10.2011
11.10.2011
12.10.2011
13.10.2011



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады