2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 71 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 8 маусымда № 7-13-140 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы  әкімдігінің 2012.01.27 № 26 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Шыңғырлау ауданының шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын және Шыңғырлау ауданының шақыру комиссиясының құрамында медициналық комиссия құрылсын.
      3. Шыңғырлау ауданының азаматтарын әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесі бекітілсін.
      4. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) әскери қатарына шақыру кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етілсін.
      5. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін
      6. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсін.
      7. Селолық округ әкімдері азаматтарды әскери қызметке шақыру үшін, уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
      9. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 47 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                      Р. Өтешев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Шыңғырлау
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Қалмен Толыбай Қалменұлы
      28.04.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаменті
      Шыңғырлау ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Османғалиев Артыққали Қажғалиұлы
      28.04.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      Шыңғырлау ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Шутанов Мейрам Болатұлы
      28.04.2011 ж.

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 28 сәуірдегі
№ 71 қаулысына қосымша

Шыңғырлау ауданының шақыру комиссиясының құрамы:

      Шутанов Мейрам Болатұлы     - "Батыс Қазақстан облысы
                                    Шыңғырлау ауданының
                                    қорғаныс істері жөніндегі
                                    бөлімі" мемлекеттік
                                    мекемесінің бастығы
                                    комиссия төрағасы
                                    (келісім бойынша)

      Сүйіндіков Қанат Жаңбырұлы  - "Шыңғырлау ауданы
                                    әкімінің аппараты"
                                    мемлекеттік мекемесінің
                                    бас маманы – комиссия
                                    төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Кулдашев Мерген Өтеғалиұлы  - "Батыс Қазақстан
                                    облысының Ішкі істер
                                    департаменті Шыңғырлау
                                    ауданының ішкі істер
                                    бөлімі" мемлекеттік
                                    мекемесі бастығының
                                    орынбасары
                                    (келісім бойынша)

      Жазықбаев Қылыш Жолдыбайұлы - Батыс Қазақстан
                                    облысының әкімдігі
                                    денсаулық сақтау
                                    басқармасының "Шыңғырлау
                                    аудандық орталық
                                    ауруханасы" мемлекеттік
                                    коммуналдық қазыналық
                                    кәсіпорны директорының
                                    орынбасары
                                    (келісім бойынша)

      Баймағамбетова Гұлнар       - Батыс Қазақстан облысының
                                    әкімдігі денсаулық сақтау
                                    басқармасының "Шыңғырлау
                                    аудандық орталық
                                    ауруханасы" мемлекеттік
                                    коммуналдық қазыналық
                                    кәсіпорнының медбикесі
                                    комиссия хатшысы
                                    (келісім бойынша)

Шыңғырлау ауданының медициналық комиссияның құрамы

      Медициналық комиссияның төрағасы - Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары.

      Дәрігер-мамандар:
      1. Терапевт;
      2. Хирург;
      3. Стоматолог;
      4. Отолоринголог;
      5. Офтальмолог;
      6. Дерматолог;
      7. Психиатр;
      8. Фтизиатр;
      9. Невропотолог;
      10. Эндокринолог.

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 28 сәуірдегі
№ 71 қаулысымен бекітілген

Шыңғырлау ауданының азаматтарын
әскери қызметке шақыруды өткiзу
кестесі

Селолық округтердің атауы

Жеткізу уақыты

Көктемгі мезгіл

Күзгі мезгіл

1

Ащысай

12 сәуір 2011 жыл

11 қазан 2011 жыл

2

Ақбұлақ

13 сәуір 2011 жыл

12 қазан 2011 жыл

3

Алмаз

4 сәуір 2011 жыл

3 қазан 2011 жыл

4

Белогор

6 сәуір 2011 жыл

5 қазан 2011 жыл
10 қазан 2011 жыл

5

Қызылкөл

11 сәуір 2011 жыл

10 қазан 2011 жыл

6

Қарағаш

5 сәуір 2011 жыл

4 қазан 2011 жыл

7

Лубен

7 сәуір 2011 жыл

6 қазан 2011 жыл

8

Полтава

14 сәуір 2011 жыл

13 қазан 2011 жыл

9

Шыңғырлау

1 сәуір 2011 жыл
8 сәуір 2011 жыл
15 сәуір 2011 жыл
18 сәуір 2011 жыл

30 қазан 2011 жыл
7 қазан 2011 жыл
14 қазан 2011 жыл
17 қазан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады