Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру және одан бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 31 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 наурызда № 7460 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 253 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 253 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру және одан бас тарту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 31 қаулысымен бекітілді

Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен
сатып алу құқығын іске асыру және одан бас тарту қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қағидалар "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және "Сақтандыру төлемдеріне кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акционерлік қоғам (бұдан әрі – қоғам) акционерлерiнiң қоғамның жарияланған акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа бағалы қағаздарды, сондай-ақ қоғам бұрын сатып алған, қоғам сататын көрсетілген бағалы қағаздарды (бұдан әрi – орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздар) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру және одан бас тарту тәртiбiн айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қоғамның бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарына сәйкес қоғамның акционерлеріне орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды иелену ұсыныстарын қоғам өз акционерлерiнiң назарына қоғамның жарғысында қарастырылған мынадай әдiстердiң бiрiмен:

      1) осы Қағидаларының 5-тармағына сәйкес тiркеушiнiң қоғамға ұсынған тiзiмiне сәйкес қоғамның әрбiр акционерiне көрсетiлген ұсыныстан тұратын жеке жазбаша хабарламаны (бұдан әрi - жазбаша хабарлама) жіберу көмегімен.

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Акционерлік қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 311 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3860 тіркелген) және қоғамның жарғысымен белгіленген талаптарға жауап беретін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген ұсынысты жариялау арқылы жеткізеді.

      Егер қоғамның акционері орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ номиналды ұстаушының клиенті болып табылған жағдайда, қоғам акционерлеріне олардың бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға ұсынысты қоғам өз акционерлеріне бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы жеткiзедi.

      3. Жазбаша хабарламада немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарда мынадай ақпараттар көрсетiлуi тиiс:

      1) орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздардың саны мен түрi;

      2) олардың түрлерi бойынша орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздардың санына орналастырылған акциялар (қоғам сатып алғандарды шегергенде) санының ара қатынасы;

      3) Заңның 16-бабының талаптарын есепке ала отырып орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алу шарттары;

      4) осындай шешiмдi қабылдауға уәкiлеттi қоғам органы белгілеген орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды орналастыру (сату) бағасы;

      5) почталық мекен-жайы, мыналарды:

      қоғамның бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша қоғам акционерлерімен осындай әрбір почта мекен-жайлары арқылы қарым-қатынас жасайтын тұлғалардың фамилиясы, аты (бар болса - әкесiнiң аты) байланыс деректемелерін;

      андеррайтер немесе эмиссиялық консорциум арқылы қоғамның орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарын орналастыру (сату) кезiндегi андеррайтердiң (эмиссиялық консорциумның) атауын көрсете отырып, осы бойынша акционер орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды алуға өтiнiм бере алады.

      4. Заңның 16-бабында белгіленген сатып алу шарттарына сәйкес қоғамның орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарын сатып алуға қажеттi жеткiлiктi мөлшердегі акциялары жоқ акционер орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды басқа акционерлік қоғамдармен жалпы меншiк құқығында сатып алуына болады.

      5. Орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына ие акционерлердiң тiзiмiн қоғамның уәкiлеттi органының қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру (сату) туралы қабылданған шешiмнiң басталатын күнiне (00 сағат 00 минут) қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнiң деректерi негiзiнде қоғамның жазбаша өкiмiне сәйкес тiркеушi жасайды.

      6. Басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес акционердің орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға өтiнiм (бұдан әрі - өтінім) бере алатын мерзім iшiнде қоғамның жазбаша хабардар етуін немесе бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру (сату) туралы жарияланғанын акционердің алған күнінен бастап отыз күнтiзбелiк күнді құрайды.

      Қаржы ұйымының акционері жарияланған акцияларды орналастыруға, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының талабы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциалдық және өзге нормалар мен лимиттерді орындау мақсатында бұрын сатып алынған акцияларды сатуға ниеті бар өтінімді және жазбаша бас тарту бере алатын мерзім ішінде қоғамның жазбаша хабардар етуін немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанын акционердің алған күнінен бастап бес жұмыс күнді құрайды.

      7. Осы Қағидаларының 5-тармағына сәйкес тiркеушi тiзiм жасаған күннен басталған кезеңдегi акциялардан қоғамның акционерін иеліктен айырған кезде және қоғамның бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес бағалы қағаздарды сатып алуға өтiнiмдер беру үшiн осы акционерге берiлiп отырған осы Қағидаларының 6-тармағында белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін, егер акцияның бұрынғы иесi мұндай өтiнiмдi бермеген жағдайда, аталған құқық акцияның жаңа меншік иесіне көшеді.

      Мұндай жағдайда акцияның жаңа иесi басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алу өтiнiмiне қоғамның акцияларына иелiк ету құқығын растай отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылар (орталық депозитарийлердi есепке алу жүйесi) тiзiлiмi жүйесiнен алынған үзiндi көшiрменi қоса ұсынады және өтiнiмде акцияның бұрынғы иелерi болып табылатын жеке тұлғаның не заңды тұлғаның фамилиясын, атын (бар болса - әкесiнiң атын) көрсетедi.

      Егер акциялардың бұрынғы меншiк иесi номиналды ұстаушының клиентi болып табылған жағдайда, орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде ол туралы мәлiметтер жоқ болса, онда акциялардың жаңа меншiк иесi басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алу өтiнiмiне қоғам акцияларына иелiк ету құқығын растай отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылар (орталық депозитарийдi есепке алу жүйесi) жүйесiнiң үзiндi көшiрмесiн қосып, сондай-ақ егер акцияның бұрынғы иесiнiң мұндай өтiнiмдi бермегендiгiн растап, орталық депозитарийден хабарлама ұсынады.

      Қоғам тiркеушiсi (номиналды ұстаушы) осы Қағидаларының 6-тармағында көрсетілген мерзім iшiнде қоғамның бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелерiн тіркеу кезiнде акцияның жаңа меншік иесін қоғамның акцияларын орналастыру (сату) туралы хабардар етеді. Осы мерзiмдi есептеу туралы ақпаратты қоғам тiркеушiсiне бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесін жүргізу бойынша шартпен белгілеген мерзімде ұсынады.

      8. Қоғам акционерiнiң өтiнiмiнде мынадай мәлiметтер көрсетiледi:

      1) қоғам акционері сатып алуға ниет бiлдiрген бағалы қағаздардың саны және түрі;

      2) акционер не қоғам акционері жеке тұлға болып табылған жағдайдағы оның уәкілетті өкілінің тегі, аты (бар болса - әкесінің аты), жеке басын куәландыратын құжаттың, мекен-жайының деректемелері, қолы;

      3) заңды тұлғаның атауы, тұратын жері және мөрі, оның бірінші басшының не егер акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүдделерін білдіруге уәкілетті өзге де тұлғаның қолы.

      9. Егер қоғамның акционерi номиналды ұстаушының клиентi болған жағдайда, орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде ол туралы мәлiметтер жоқ болса, акционердiң жазбаша өтiнiмi негiзiнде құрастырылған номиналды ұстаушының жазбаша тапсырмасына сәйкес осы Қағидаларының 6-тармағында көрсетілген мерзімде орналастырылған (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға өтiнiмдi орталық депозитарий ұсынады.

      Орталық депозитарий ұсынған өтiнiмде мынадай мәліметтер көрсетiледi:

      1) орталық депозитарийдің клиенттеріне тиесілі бағалы қағаздардың саны және түрі;

      2) орталық депозитарийдің клиенттері сатып алуға ниет білдірген бағалы қағаздардың саны және түрі;

      3) орталық депозитарийдің атауы, орналасқан жері және мөрі, оның бiрiншi басшысының не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүдделерін бiлдiруге уәкiлеттi өзге де тұлғаның қолы.

      10. Осы Қағидаларының 9-тармағында көзделген жағдайдағы жазбаша нысанда жасалған басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға қоғам акционерiнiң не орталық депозитарийдің өтiнiмi оның тапсырылғандығы туралы хабарламамен бiрге тапсырыс-хатпен жiберiледi не жазбаша хабарламада немесе бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымда көрсетілген мекен-жай бойынша акционер немесе оның уәкiлеттi өкiлi өз қолына бередi. Акционер немесе оның уәкiлеттi өкiлi өз қолына берген жағдайда өтiнiм екі данада жасалады және өтiнiмнiң екiншi данасына оның алынған күні мен уақыты, оны алған адамның фамилиясы, аты (бар болса - әкесiнiң аты) және қойған қолы көрсетiле отырып белгi қойылады.

      Егер қоғам акционері не орталық депозитарий берген өтiнiм, осы Қағидаларының 9-тармағында көзделген жағдайда, осы Қағидаларының талаптарын бұза отырып жасалған болса, қоғам (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) ондай өтiнiмдi анықталған бұрмалаушылықтарды жою және осы Қағидаларының 6-тармағында көрсетілген мерзім шегінде өтiнiмдi қайтадан беру үшін қоғам акционеріне не орталық депозитарийге қайтарады.

      11. Осы Қағидаларының 9-тармағында көзделген жағдайда, қоғамның акционерлерi мен орталық депозитарийден осы Қағидаларының 6-тармағында көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға өтiнiмдер түскеннен кейiн қоғам (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) осы өтiнiмдердi орындайды.

      12. Қоғамның акционерлері, сондай-ақ орталық депозитарий осы Қағидаларының 9-тармағында көзделген жағдайда, өтiнiмдерiн осы Қағидаларының 6-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынбаса, онда қоғам (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) көрсетілген мерзім өткен соң бағалы қағаздарды орналастырады (сатады).

      13. Қоғамның акционері, сондай-ақ орталық депозитарий осы Қағидаларының 9-тармағында көзделген жағдайда қоғамға басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алудан жазбаша бас тартуды (бұдан әрі – жазбаша бас тарту) бере алады.

      Акционердің қоғамға жазбаша бас тартуды беруі осы Қағидаларының 6-тармағында көзделген мерзімде жүзеге асырылады.

      Қоғам акционерінің не орталық депозитарийдің жазбаша бас тартуы осы Қағидаларының 10-тармағында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Қоғам акционері ұсынған жазбаша бас тартуында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      қоғам акционері сатып алуға құқылы бағалы қағаздардың саны және түрі;

      қоғам акционері басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асырудан бас тартқан жағдайдағы бағалы қағаздардың саны және түрі;

      акционер не қоғам акционері жеке тұлға болып табылған жағдайдағы оның уәкілетті өкілінің тегі, аты (бар болса - әкесінің аты), жеке басын куәландыратын құжаттың, мекен-жайының деректемелері, қолы;

      заңды тұлғаның атауы, тұратын жері және мөрі, оның бірінші басшының не егер акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүдделерін білдіруге уәкілетті өзге де тұлғаның қолы.

      Егер қоғамның акционері номиналды ұстаушының клиенті болған жағдайда, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ болса, акционердің жазбаша бас тарту негізінде құрастырылған номиналды ұстаушының жазбаша тапсырмасына сәйкес осы Қағидаларының 6-тармағында көрсетілген мерзімде бағалы қағаздарды сатып алуға өтінімді орталық депозитарий ұсынады.

      Орталық депозитарий ұсынған жазбаша бас тартуында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      номиналды ұстаушының клиенттеріне тиесілі бағалы қағаздардың саны және түрі;

      номиналды ұстаушының клиенттері сатып алуға құқылы бағалы қағаздардың саны және түрі;

      номиналды ұстаушының клиенттері басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асырудан бас тартқан жағдайдағы бағалы қағаздардың саны және түрі;

      орталық депозитарийдің атауы, тұратын жері және мөрі, оның бірінші басшының не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүдделерін білдіруге уәкілетті өзге де тұлғаның қолы.

      Қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы акцияларды жарияланған акцияларының саны шегiнде орналастыру (сату) туралы шешiм қабылдаған жағдайда, акционерлер осы жалпы жиналыста орналастырылатын акцияларды басымдықпен сатып алу құқығынан жазбаша бас тартуды бере алады.

      14. Акционер басымдықпен сатып алу құқығы бойынша орналастырылатын (сатып алынатын) бағалы қағаздардың ақысын төлеуді оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады. Қоғамның жарғысымен акциялардың ақысын төлеудің өзге де мерзімі көзделуі мүмкін, ол акциялар орналастырыла бастаған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.

      Қаржы ұйымының басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акцияларына ақы төлеуді акционер оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлемеген жағдайда аталған мерзім аяқталғаннан кейін өтінім жарамсыз болып есептеледі.

      Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлеу мерзімдері бойынша талаптар Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның акцияларды сатып алу жағдайларына қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алатын акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлеуді оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырады.

      15. Акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың осы баптың 14-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін ақысын төлемеген жағдайда өтінім жарамсыз болып саналады.

      16. Осы Заңның 83-бабында көзделген тәртіппен оған басқа қоғам қосылған кезде қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) кезінде қоғамның акционерлеріне басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 31 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы № 151 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4380 тіркелген, 2006 жылғы 29 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 174 (980) жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы № 151 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 210 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5842 тіркелген, 2009 жылғы 10 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде № 189 (1612) жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 21 қаулысының 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6155 тіркелген, 2010 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 450-451 (26294) жарияланған).

Об утверждении Правил реализации права акционеров акционерного общества на преимущественную покупку ценных бумаг и отказа от него

Постановление Правления Национального банка Республики Казахстан от 13 февраля 2012 года № 31. Зарегистрировано в Министерсте юстиции Республики Казахстан от 15 марта 2012 года № 7460. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 253 (вводится в действие с 01.01.2019)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 253 (вводится в действие с 01.01.2019).
      Сноска. Заголовок приказа в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 250 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 13 мая 2003 года "Об акционерных обществах" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации права акционеров акционерного общества на преимущественную покупку ценных бумаг и отказа от него.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 250 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу нормативные правовые акты Республики Казахстан, согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко


  Приложение
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 13 февраля 2012 года № 31

Перечень нормативных правовых актов,
признаваемых утратившими силу

      1. Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 августа 2006 года № 151 "Об утверждении Правил реализации права акционеров акционерного общества на преимущественную покупку ценных бумаг" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4380, опубликованное 29 сентября 2006 года в газете "Юридическая газета" № 174 (1154)).

      2. Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 сентября 2009 года № 210 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 августа 2006 года № 151 "Об утверждении Правил реализации права акционеров акционерного общества на преимущественную покупку ценных бумаг" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5842, опубликованное в 2009 году в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 12, 10 декабря 2009 года в газете "Юридическая газета" № 189 (1786)).

      3. Пункт 3 постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 1 марта 2010 года № 21 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Агентства Республики Казахстан регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по вопросам деятельности Акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6155, опубликованного 22 сентября 2010 года в газете "Казахстанская правда" № 249 (26310)).

  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 13 февраля 2012 года № 31

Правила
реализации права акционеров акционерного общества на
преимущественную покупку ценных бумаг и отказа от него

      Снсока. Заголовок в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 250 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила реализации права акционеров акционерного общества на преимущественную покупку ценных бумаг и отказа от него разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 13 мая 2003 года "Об акционерных обществах" (далее - Закон) и определяют порядок реализации права акционеров акционерного общества (далее - общество), за исключением акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат", на преимущественную покупку объявленных акций общества или других ценных бумаг, конвертируемых в простые акции общества, а также реализуемых обществом указанных ценных бумаг, ранее выкупленных обществом (далее - размещаемые (реализуемые) ценные бумаги), и отказа от него.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 250 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Предложение акционерам общества приобрести размещаемые(реализуемые) ценные бумаги в соответствии с их правом преимущественной покупки ценных бумаг общества доводится обществом до сведения своих акционеров одним из следующих способов:

      1) посредством направления индивидуального письменного уведомления, содержащего указанное предложение, каждому акционеру общества согласно списку, представленному обществу регистратором в соответствии с пунктом 5 настоящих Правил (далее - письменное уведомление);

      2) посредством публикации указанного предложения в средствах массовой информации, отвечающих требованиям, установленным постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 августа 2005 года № 311 "О средствах массовой информации, используемых для публикации информации о деятельности акционерного общества, и требованиях к ним" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3860) и уставом общества.

      Если акционером общества является клиент номинального держателя, сведения о котором отсутствуют в системе учета центрального депозитария, предложение акционерам общества приобрести размещаемые (реализуемые) ценные бумаги в соответствии с их правом преимущественной покупки ценных бумаг доводится обществом до сведения своих акционеров посредством публикации в средствах массовой информации.

      3. В письменном уведомлении или публикации в средствах массовой информации указывается следующая информация:

      1) количество и виды размещаемых (реализуемых) ценных бумаг;

      2) соотношение количества размещенных (за вычетом выкупленных обществом) акций к количеству размещаемых (реализуемых) ценных бумаг по их видам;

      3) условия приобретения размещаемых (реализуемых) ценных бумаг с указанием срока оплаты ценных бумаг с учетом требований статьи 16 Закона;

      4) цена размещения (реализации) размещаемых (реализуемых) ценных бумаг, установленная органом общества, уполномоченным на принятие такого решения;

      5) почтовые адреса, по которым акционер подает заявку на приобретение размещаемых (реализуемых) ценных бумаг с указанием:

      фамилии, имени (при наличии - отчества), контактных реквизитов лиц, осуществляющих по каждому из таких почтовых адресов взаимодействие с акционерами общества по вопросам приобретения ими размещаемых (реализуемых) ценных бумаг в соответствии с правом преимущественной покупки ценных бумаг общества;

      наименования андеррайтера (эмиссионного консорциума) при размещении (реализации) размещаемых (реализуемых) ценных бумаг общества через андеррайтера или эмиссионный консорциум.

      4. Акционер, не обладающий достаточным количеством акций, необходимым для приобретения размещаемых (реализуемых) ценных бумаг общества, в соответствии с условиями приобретения, установленными статьей 16 Закона, приобретает размещаемые (реализуемые) ценные бумаги на праве общей собственности с другими акционерами общества.

      5. Список акционеров, имеющих право преимущественной покупки размещаемых (реализуемых) ценных бумаг, составляется регистратором в соответствии с письменным распоряжением общества на основании данных системы реестров держателей ценных бумаг общества на начало даты (00 часов 00 минут) принятия уполномоченным органом общества решения о размещении (реализации) ценных бумаг общества.

      6. Срок, в течение которого акционер подает заявку на приобретение размещаемых (реализуемых) ценных бумаг в соответствии с правом преимущественной покупки (далее - заявка), составляет тридцать календарных дней с даты получения акционером письменного уведомления общества или публикации в средствах массовой информации информации о размещении (реализации) ценных бумаг обществом.

      Срок, в течение которого акционер финансовой организации, имеющей намерение разместить объявленные акции, а также реализовать ранее выкупленные акции в целях исполнения - пруденциальных и иных, установленных законодательством Республики Казахстан норм и лимитов, по требованию уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций, подает заявку, составляет пять рабочих дней с даты получения акционером письменного уведомления общества или публикации в средствах массовой информации информации о размещении (реализации) ценных бумаг финансовой организацией.

      7. При отчуждении акционером общества акций в период с даты, на которую регистратором составлен список в соответствии с пунктом 5 настоящих Правил, и до истечения срока, установленного пунктом 6 настоящих Правил, предоставленных этому акционеру для подачи заявки на приобретение ценных бумаг в соответствии с правом преимущественной покупки ценных бумаг общества, данное право переходит к новому собственнику акций, если прежний собственник акций не подал такой заявки.

      В данном случае новый собственник акций к заявке на приобретение размещаемых (реализуемых) ценных бумаг в соответствии с правом преимущественной покупки прилагает выписку из системы реестров держателей ценных бумаг (системы учета центрального депозитария) с подтверждением права собственности на акции общества и в заявке указывает фамилию, имя (при наличии - отчество) физического лица либо наименование юридического лица, являющихся прежними собственниками акций.

      Если прежний собственник акций являлся клиентом номинального держателя, сведения о котором отсутствуют в системе учета центрального депозитария, новый собственник акций к заявке на приобретение размещаемых (реализуемых) ценных бумаг в соответствии с правом преимущественной покупки прилагает выписку из системы реестров держателей ценных бумаг (системы учета центрального депозитария) с подтверждением права собственности на акции общества, а также извещение от центрального депозитария с подтверждением того, что прежний собственник акций не подавал такой заявки.

      При регистрации сделки с ценными бумагами общества в течение срока, указанного в пункте 6 настоящих Правил, регистратор общества (номинальный держатель) извещает нового собственника акций о размещении (реализации) акций общества. Информация об исчислении данного срока предоставляется регистратору обществом в сроки, установленные договором по ведению системы реестров держателей ценных бумаг.

      8. В заявке акционера общества указываются следующие сведения:

      1) количество и вид ценных бумаг, которые намерен приобрести акционер общества;

      2) фамилия, имя (при наличии - отчество), реквизиты документа, удостоверяющего личность, место жительства, подпись акционера либо его уполномоченного представителя, если акционером общества является физическое лицо;

      3) наименование, место нахождения и печать юридического лица, подпись его первого руководителя, либо иного лица, уполномоченного представлять его интересы в соответствии с законодательством Республики Казахстан, если акционером общества является юридическое лицо.

      9. Если акционером общества является клиент номинального держателя, сведения о котором отсутствуют в системе учета центрального депозитария, заявка на приобретение размещаемых (реализуемых) ценных бумаг предоставляется центральным депозитарием в срок, указанный в пункте 6 настоящих Правил, в соответствии с письменным поручением номинального держателя, составленным на основании письменной заявки акционера.

      В заявке, предоставляемой центральным депозитарием, указываются следующие сведения:

      1) количество и вид ценных бумаг, принадлежащих клиентам центрального депозитария;

      2) количество и вид ценных бумаг, которые намерены приобрести клиенты центрального депозитария;

      3) наименование, место нахождения и печать центрального депозитария, подпись его первого руководителя, либо иного лица, уполномоченного представлять его интересы в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      10. Заявка акционера общества либо центрального депозитария в случае, предусмотренном в пункте 9 настоящих Правил, на приобретение размещаемых (реализуемых) ценных бумаг в соответствии с правом преимущественной покупки, составленная в письменной форме, направляется заказным письмом с уведомлением о его вручении либо предоставляется лично акционером или его уполномоченным представителем по адресу, указанному в письменном уведомлении или публикации в средствах массовой информации. В случае личного предоставления акционером или его уполномоченным представителем заявка составляется в двух экземплярах и на втором экземпляре заявки делается отметка о ее получении с указанием даты и времени получения, фамилии, имени (при наличии - отчества) и подписи лица, получившего ее.

      Если заявка, предоставленная акционером общества либо центральным депозитарием в случае, предусмотренном в пункте 9 Правил, составлена с нарушением требований настоящих Правил, общество (андеррайтер, эмиссионный консорциум) возвращает такую заявку акционеру общества либо центральному депозитарию для устранения выявленных нарушений и повторного предоставления заявки в пределах срока, указанного в пункте 6 настоящих Правил.

      11. После поступления заявок акционеров общества и центрального депозитария в случае, предусмотренном в пункте 9 настоящих Правил, на приобретение размещаемых (реализуемых) ценных бумаг в соответствии с правом преимущественной покупки до истечения срока, указанного в пункте 6 настоящих Правил, общество (андеррайтер, эмиссионный консорциум) исполняет эти заявки.

      12. Если акционеры общества, а также центральный депозитарий в случае, предусмотренном в пункте 9 настоящих Правил, не предоставили заявки в срок, указанный в пункте 6 настоящих Правил, общество (андеррайтер, эмиссионный консорциум) размещает (реализует) ценные бумаги после истечения указанного срока.

      13. Акционер общества, а также центральный депозитарий в случае, предусмотренном в пункте 9 настоящих Правил, могут подать в общество письменный отказ от приобретения размещаемых (реализуемых) ценных бумаг в соответствии с правом преимущественной покупки (далее - письменный отказ).

      Предоставление акционером в общество письменного отказа осуществляется в сроки, предусмотренные пунктом 6 настоящих Правил.

      Письменный отказ акционера общества либо центрального депозитария осуществляется в порядке, предусмотренном пунктом 10 настоящих Правил.

      В письменном отказе, предоставляемом акционером общества, указываются следующие сведения:

      количество и вид ценных бумаг, которые имеет право приобрести акционер общества;

      количество и вид ценных бумаг, в отношении которых акционер общества отказывается от реализации права преимущественной покупки;

      фамилия, имя (при наличии - отчество), реквизиты документа, удостоверяющего личность, место жительства, подпись акционера либо его уполномоченного представителя - если акционером общества является физическое лицо;

      наименование, место нахождения и печать юридического лица, подпись его первого руководителя либо иного лица, уполномоченного представлять его интересы в соответствии с законодательством Республики Казахстан, - если акционером общества является юридическое лицо.

      Если акционером общества является клиент номинального держателя, сведения о котором отсутствуют в системе учета центрального депозитария, письменный отказ предоставляется центральным депозитарием в срок, указанный в пункте 6 настоящих Правил, в соответствии с письменным поручением номинального держателя, составленным на основании письменного отказа акционера.

      В письменном отказе, предоставляемом центральным депозитарием, указываются следующие сведения:

      количество и вид ценных оумаг, принадлежащих клиентам номинального держателя;

      количество и вид ценных бумаг, которые вправе приобрести клиенты номинального держателя;

      количество и вид ценных бумаг, в отношении которых клиенты номинального держателя отказываются от реализации права преимущественной покупки;

      наименование, место нахождения и печать центрального депозитария, подпись его первого руководителя либо иного лица, уполномоченного представлять его интересы в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      В случае принятия общим собранием акционеров общества решения о размещении (реализации) акций в пределах количества объявленных акций, на данном общем собрании акционерами может быть предоставлен письменный отказ от права преимущественной покупки размещаемых акций.

      14. Оплата размещаемых (реализуемых) ценных бумаг, приобретаемых по праву преимущественной покупки, осуществляется акционером в течение тридцати календарных дней с даты подачи заявки на их приобретение. Уставом общества может быть предусмотрен иной срок оплаты акций, который не превышает девяноста календарных дней с даты начала размещения акций.

      Оплата акций финансовой организации, приобретаемых по праву преимущественной покупки, осуществляется акционером в течение пяти рабочих дней с даты подачи заявки на их приобретение. В случае неоплаты акций или других ценных бумаг, конвертируемых в простые акции общества, по истечении указанного срока заявка считается недействительной.

      Требования по срокам оплаты акций или других ценных бумаг, конвертируемых в простые акции общества, приобретаемых по праву преимущественной покупки, установленные частями первой и второй настоящего пункта, не распространяются на случаи приобретения акций государственным органом, уполномоченным Правительством Республики Казахстан на распоряжение республиканской государственной собственностью.

      Оплата акций или других ценных бумаг, конвертируемых в простые акции общества, приобретаемых по праву преимущественной покупки государственным органом, уполномоченным Правительством Республики Казахстан на распоряжение республиканской государственной собственностью, осуществляется в течение двенадцати месяцев с даты подачи заявки на их приобретение.

      15. В случае неоплаты акций или других ценных бумаг, конвертируемых в простые акции общества, по истечении срока, установленного пунктом 14 настоящих Правил, заявка считается недействительной.

      16. Право преимущественной покупки не предоставляется акционерам общества при размещении (реализации) акций общества при присоединении к нему другого общества в порядке, предусмотренном статьей 83 Закона.