Акционерлiк қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 311 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3860. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 187 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 187 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Акционерлiк қоғамдар өз қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн мерзiмдi баспасөз басылымдарын және (немесе) интернет-ресурстарды пайдаланады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Акционерлiк қоғамдардың өз қызметi туралы ақпаратты жария етуi кемiнде он бес мың дана таралыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жүзеге асырылады.

      3. Акционерлiк қоғам Интернет желiсiнде ақпаратты жариялау үшiн қоғамның өзiнiң интернет-ресурсын немесе өзге интернет-ресурсты пайдаланады. Интернет-ресурстың серверi өткiзгiштiк қабiлетi кем дегенде 512 Kbit/sec болатын байланыс арнасы бойынша Интернет желiсiне қосылады. Интернет желiсiне қосылу үшiн деректердi беру жылдамдығы 32 Kbit/sec болатын байланыс арнасын пайдаланатын Интернет желiсiн пайдаланушының интернет-ресурсының кез келген парағын iске қосу уақыты парақты графикамен және басқа да элементтермен толтыруына қарай 10 секундтан аспайды.

      Интернет-ресурста жарияланымдарды орналастыру уақыты бiр айдан кем болмайды. Интернет-ресурста жарияланымдарды орналастыру күнi мен уақыты көрсетiледi.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      5. Осы қаулы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi өздерiнiң хабарлары мен мiндеттi түрде жариялауға жататын басқа ақпаратын жариялау үшiн пайдалануы тиiс баспасөз басылымдарының таралым мөлшерiне және тарату аймақтары бойынша қойылатын талаптар туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 414 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2626 тiркелген, 2003 жылғы 15-31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" N 26 (274) журналында жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      6. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):

      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

      7. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) қабылданған шешiм туралы ақпаратты Агенттiктiң баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

Төраға



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады