Акционерлік қоғам акционерлерінiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 151 қаулысы. Қазақстан Респуликасы Әділет министігінде 2006 жылғы 8 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4380. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 31 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 31 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Акционерлік қоғам акционерлерінiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап: 
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру жөнiндегi ережені бекiту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 252 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2453 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2453 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 252 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 196 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2995 тіркелген, 2004 жылы»"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде", N 41-44) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, орталық депозитарийге, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының          
2006 жылғы 12 тамыздағы    
N 151 қаулысымен бекітілген   

  Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы
қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру 
ережесі

      1. Осы Ереже "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және  «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) акционерлерінің қоғамның жарияланған акцияларын немесе қоғамның қарапайым акцияларына айырбасталатын, сондай-ақ қоғам бұрын сатып алған (бұдан әрі - орналастырылған (сатылатын) бағалы қағаздар) бағалы қағаздар қоғамы іске асыратын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 21 Қаулысымен.

      2. Қоғамның бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарына сәйкес қоғамның акционерлеріне орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды иелену ұсыныстарын қоғам өз акционерлерінің назарына қоғамның жарғысында қарастырылған мынадай әдістердің бірімен жеткізеді:
      1) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес (бұдан әрі - жазбаша хабарлама) тіркеушінің қоғамға ұсынған тізіміне сәйкес қоғамның әрбір акционеріне көрсетілген ұсыныстан тұратын жеке жазбаша хабарламаны жіберудің көмегі болады.
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Акционерлік қоғамның қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 311  қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3860 тіркелген) және қоғамның жарғысымен белгіленген талаптарға жауап беретін бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ-тағы жарияланым) көрсетілген ұсынысты жариялау арқылы.
      Егер қоғамның акционері орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ номиналды ұстаушының клиенті болып табылған жағдайда, қоғам акционерлеріне олардың бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға ұсынысты қоғам өз акционерлеріне БАҚ-да жариялау арқылы жеткізеді. 

      3. Жазбаша хабарламада немесе БАҚ-тағы жарияланымдарда мынадай ақпараттар көрсетілуі тиіс:
      1) орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздардың саны мен түрі;
      2) олардың түрлері бойынша орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздардың санына орналастырылған акциялар (қоғам сатып алғандарды шегергенде) санының ара қатынасы;
      3) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  16-бабының 1-тармағы талаптарын есепке ала отырып орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алу шарттары;
      4) осындай шешімді қабылдауға уәкілетті қоғам органы белгілеген орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды орналастыру (сату) бағасы;
      5) почталық мекен-жайы, мыналарды:
      қоғамның бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша қоғам акционерлерімен осындай әрбір почта мекен-жайлары арқылы қарым-қатынас жасайтын тұлғалардың фамилиясы, аты (бар болса - әкесінің аты) байланыс деректемелерін;
      андеррайтер немесе эмиссиялық консорциум арқылы қоғамның орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарын орналастыру (сату) кезіндегі андеррайтердің (эмиссиялық консорциумның) атауын көрсете отырып, осы бойынша акционер орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды алуға өтінім бере алады.

      4. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  16-бабының 1-тармағымен белгіленген сатып алу шарттарына сәйкес қоғамның орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарын сатып алуға қажетті жеткілікті мөлшердегі акциялары жоқ акционер орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды басқа акционерлік қоғамдармен жалпы меншік құқында сатып алуына болады.

      5. Орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына ие акционерлердің тізімін қоғамның уәкілетті органының қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру (сату) туралы қабылданған шешімнің басталатын күніне (00 сағат 00 минут) қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректері негізінде қоғамның жазбаша өкіміне сәйкес тіркеуші жасайды.

      6. Басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес акционердің орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға өтінім бере алатын мерзім ішінде осы Ереженің 5-тармағына сәйкес қоғам тіркеушісі жасаған тізімде көрсетілген, қоғамның жазбаша хабардар етуін немесе БАҚ-та жарияланғанын акционердің алған күнінен бастап отыз күнтізбелік күнді құрайды.

      7. осы Ереженің 5-тармағына сәйкес тіркеуші тізім жасаған күннен басталған кезеңдегі акциялардан қоғамның акционерін иеліктен айырған кезде және қоғамның бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес бағалы қағаздарды сатып алуға өтінімдер беру үшін осы акционерге беріліп отырған отыз күнтізбелік күн аяқталғанға дейін, егер акцияның бұрынғы иесі мұндай өтінімді бермеген жағдайда, аталған құқықты акцияның жаңа иесі жүзеге асырады.
      Мұндай жағдайда акцияның жаңа иесі басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алу өтініміне қоғамның акцияларына иелік ету құқығын растай отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылар (орталық депозитарийлерді есепке алу жүйесі) тізілімі жүйесінен алынған үзінді көшірмені қоса ұсынады және өтінімде акцияның бұрынғы иелері болып табылатын жеке тұлғаның не заңды тұлғаның фамилиясын, атын (бар болса - әкесінің атын) көрсетеді.
      Егер акциялардың бұрынғы меншік иесі номиналды ұстаушының клиенті болып табылған жағдайда, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ болса, онда акциялардың жаңа меншік иесі басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алу өтініміне қоғам акцияларына иелік ету құқығын растай отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылар (орталық депозитарийді есепке алу жүйесі) жүйесінің үзінді көшірмесін қосып, сондай-ақ егер акцияның бұрынғы иесінің мұндай өтінімді бермегендігін растап, орталық депозитарийден хабарлама ұсынады.
      Қоғам тіркеушісі (номиналды ұстаушы) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қоғамның бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін тіркеу кезінде акцияның жаңа меншік иесін қоғамның акцияларын орналастыру (сату) туралы хабардар етеді. Осы мерзімді есептеу туралы ақпаратты қоғам тіркеушісіне бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу бойынша шартпен белгілеген мерзімде ұсынады.

      8. Қоғам акционерінің өтінімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) қоғам акционері сатып алуға ниет білдірген бағалы қағаздардың саны және түрі;
      2) қоғам акционері басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асырудан бас тартқан жағдайдағы бағалы қағаздардың саны және түрі;
      3) акционер не қоғам акционері жеке тұлға болып табылған жағдайдағы оның уәкілетті өкілінің фамилиясы, аты-жөні (бар болса - әкесінің аты), жеке басын куәландыратын құжаттың, мекен-жайының деректемелері, қоятын қолы;
      4) заңды тұлғаның атауы, тұратын жері және мөрі, оның бірінші басшының не егер акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүдделерін білдіруге уәкілетті өзге де тұлғаның қолы.

      9. Егер қоғамның акционері номиналды ұстаушының клиенті болған жағдайда, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ болса, акционердің жазбаша өтінімі негізінде құрастырылған номиналды ұстаушының жазбаша тапсырмасына сәйкес осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген мерзімде орналастырылған (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға өтінімді орталық депозитарий ұсынады.
      Орталық депозитарий ұсынған өтінімде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде олар туралы мәліметтер жоқ бағалы қағаздардың меншік иелерінің саны, олардың әрқайсысына тиесілі бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсете отырып;
      2) қоғамның бағалы қағаздарының әрбір меншік иесі сатып алуға ниет білдірген бағалы қағаздар саны және түрі, ол туралы мәліметтер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жоқ;
      3) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ қоғамның бағалы қағаздарының әрбір меншік иесі басымдықпен сатып алу құқықтарын жүзеге асырудан бас тартып отырған бағалы қағаздардың саны және түрі;
      4) орталық депозитарийдің атауы, орналасқан жері және мөрі, оның бірінші басшысының не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүдделерін білдіруге уәкілетті өзге де тұлғаның қолы.

      10. Осы Ереженің 9-тармағында көзделген жағдайдағы жазбаша нысанда жасалған басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға қоғам акционерінің не орталық депозитарийдің өтінімі оның тапсырылғандығы туралы хабарламамен бірге тапсырыс-хатпен жіберіледі не жазбаша хабарламада немесе БАҚ-тағы жарияланымда көрсетілген мекен-жай бойынша акционер немесе оның уәкілетті өкілі өз қолына береді. Акционер немесе оның уәкілетті өкілі өз қолына берген жағдайда өтінім екі данада жасалады және өтінімнің екінші данасына оның алынған күні мен уақыты, оны алған адамның фамилиясы, аты (бар болса - әкесінің аты) және қойған қолы көрсетіле отырып белгі қойылады.
      Егер қоғам акционері не орталық депозитарий берген өтінім, осы Ереженің 9-тармағында көзделген жағдайда, осы Ереженің талаптарын бұза отырып жасалған болса, қоғам (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) ондай өтінімді анықталған бұрмалаушылықтарды жою және осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген мерзім шегінде өтінімді қайтадан беру үшін қоғам акционеріне не орталық депозитарийге қайтарады.

      11. Осы Ереженің 9-тармағында көзделген жағдайда, қоғамның акционерлері мен орталық депозитарийден осы Ереженің 6-тармағында көрсетілгендей басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға өтінімдер түскеннен кейін қоғам (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) ол өтінімдерді орындайды, сондай-ақ қоғамның акционерлері басымдықпен сатып алу құқығынан бас тартқан бағалы қағаздарды орналастырады (сатады).
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009.09.26 N 210 қаулысымен.

      12. Қоғамның акционерлері, сондай-ақ орталық депозитарий осы Ереженің 9-тармағында көзделген жағдайда, өтінімдерін осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынбаса, онда қоғам (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) көрсетілген мерзім өткен соң бағалы қағаздарды орналастырады (сатады).
      12-1. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы акцияларды жарияланған акцияларының саны шегінде орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған жағдайда, акционерлер осы жалпы жиналыста орналастырылатын акцияларды басымдықпен сатып алу құқығынан жазбаша бас тартуды бере алады.
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009.09.26 N 210 қаулысымен.

      13. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады