Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Акционерлік қоғам акционерлерінiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 151 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі N 210 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5842 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 31 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 31 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктерді қайта құрылымдаудың жекелеген мәселелерін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Акционерлік қоғам акционерлерінiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 151 қаулысына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4380 тіркелген, 2006 жылғы 29 қыркүйекте "Заң газеті" газетінің N 174 (980) санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғам акционерлерінiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру ережесінде:
      11-тармақта "барлық" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы акцияларды жарияланған акцияларының саны шегінде орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған жағдайда, акционерлер осы жалпы жиналыста орналастырылатын акцияларды басымдықпен сатып алу құқығынан жазбаша бас тартуды бере алады.".
      2. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрайым Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады