Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының үлгілерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 40 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 72 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 наурызда № 7486 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 441 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 483 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 26.06.2015 № 441 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 483 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының ұсынылған үлгілері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті (Т.А. Момышев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен соң оның ресми түрде жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік етуші Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланғанынан кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі               Экономикалық даму және
                                      сауда министрі

_________________ С. Мыңбаев          ________________ Б. Сағынтаев

"29" ақпан 2012 жыл                   "15" наурыз 2012 жыл

Қазақстан Республикасы   
Мұнай және газ министрінің 
2012 жылғы 29 ақпандағы   
№ 40             
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және  
сауда министрінің    
2012 жылғы 15 наурыздағы 
№ 72           
бірлескен бұйрықтарымен
бекітілген        

Нысан 

Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің
тексеру парағы

      Ескерту. Нысанға өзгерістер енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2014 № 10 және ҚР Өңірлік даму министрінің 31.01.2014 № 22-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

Тексеруді тағайындайтын мемлекеттік орган ___________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                          (№, мерзімі)
Кәсіпкерлік субъектісінің атауы _____________________________________
                                             БСН, ЖСН
Тұрған жерінің мекенжайы ____________________________________________

Газ желісі ұйымдары

1.

Аккредиттеу туралы куәліктің болуы





2.

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өнеркәсіп қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін
өндірістік-техникалық базаның болуы (меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі)





3.

Өндірістік-техникалық базаны пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету кезінде техникалық процесті сақтауы





4.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін қызметтің болуы





5.

Тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – кемінде орта арнаулы бiлiм) жауап беретiн бiлiктi және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде – екі жыл жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі бойынша оқытудан, нұсқау беруден, қайта даярлықтан, аттестациядан өткен техникалық басшылар мен мамандар құрамының болуы (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70%-дан кем емес)





6.

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен берілген және тіркелген қауіпсіздік декларациясының болуы





7.

Сол бiр ғана газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыны екi және одан да көп газ желiсi ұйымдарының бiр мезгiлде пайдалануы жол бермеуі





8.

Сұйытылған мұнай газын өткiзуге арналған газ толтыру пункттерi мен автогаз құю станцияларын екi және одан да аса жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiр мезгiлде пайдалануы жол бермеуі





9.

Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы шарт болған жағдайда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру





10.

Бекітілген:
қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың;
қолданыстағы өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтар мен көлік құралдарын жоспарлы-сақтандыру ала жөндеу кестесінің;
аварияларды жою жоспарының;
қаланың апаттарды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының;
апатқа қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу дабылы жоспарларының болуы





11.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестатациядан өткен зертхананың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен жасалған қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы





12.

Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыратын шарттың болуы





13.

Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттiк есепке алуды жүзеге асыруы





14.

Тұрмыстық баллондарды газ желiсi ұйымының немесе газ толтыру пункт иесінің тауарлық белгiсiмен таңбалауды немесе жүзеге асыруы





15.

Есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрдегі оны ауыстыруымен сұйытылған мұнай газды сатуды жүзеге асыруы





16.

Белгіленген шекті бағадан аспайтын сұйылтылған мұнай газын көтерме сауда арқылы сатуды жүзеге асыру





17.

Қауіпті жүктерді тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес сұйылтылған мұнай газын теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көліктерімен арнайы жіберілген және жабдықталған көліктермен тасымалдауды жүзеге асыруы.





      Тексеру жүргізді _______________ ________________ ___________
                           (лауазымы)    (Аты-жөні)        (қолы)

      М.О.

      Талаптар бұзылған жағдайда ұйғарымның нөмірі мен жасалған мерзімі көрсетіледі (№ _______ "__" __________ 20__ жыл)

      Тексеру нәтижесімен таныстым
      (келісемін/келіспеймін) __________________ ______________
                                    (Аты-жөні)       (қолы)
      "__" ________________ 20__ жыл

      Тексеру қорытындылары бойынша тексерілген субъект __________________________
    (субъект атауы)
      тобына ("+" таңбасымен белгілеу) ауыстырылады:

тәуекелдің жоғары дәрежесі

тәуекелдің орта дәрежесі

тәуекелдің болмашы дәрежесі




      Органның лауазымды тұлғалары:
      __________________________ __________ _________________________
            (лауазымы)             (қолы)             (Аты-жөні)
      __________________________ __________ _________________________
           (лауазымы)             (қолы)             (Аты-жөні)

      Орган басшысы:
      __________________________ ____________________________________ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады