Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 8 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7501 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 130 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы ұйымдары мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6890 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдары мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесін, нысандарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік орган) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) орталық аппаратына ұсыну мерзімдерін белгілейді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті мемлекеттік органға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған және аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті қағаз тасымалдауышпен мынадай қаржы ұйымдары ұсынады:
      1) екінші деңгейдегі банктер;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорлары;
      4) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      5) бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      6) инвестициялық портфельді басқарушылар;
      7) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар;
      8) бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      9) Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
      «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, еншілес ұйымы (ұйымдары) бар қаржы ұйымдары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептіліктерді қағаз тасымалдауышпен ұсынады.
      Шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептіліктерді ұсынған кезде 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін аудиторлық ұйымның растауы тек шоғырландырылған қаржылық есептілік үшін ғана талап етіледі, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап аудиторлық ұйымның растауы шоғырландырылған, сол сияқты жеке жылдық қаржылық есептілік үшін де талап етіледі.»;
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (Ұлттық почта операторын, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) осы Нұсқаулықтың 7 және 8-қосымшаларында белгіленген нысандар бойынша, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесiншi жұмыс күнi Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-ден кешiктiрмей;»;
      7-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы                              Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігі
      Төраға _______ Ә.А. Смайылов
      2012 жылғы 21 ақпан

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 30 қаңтардағы 
№ 8 қаулысына қосымша    

Қаржы ұйымдарының және
«Қазақстан Даму Банкі»
акционерлік қоғамының 
қаржылық есептілігінің
тізбесі, нысандары және
ұсыну мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 7-қосымша 

№ 1 нысан

_______________________________________________________________
      (ұйымның толық атауы)

20___ жылғы «___» ____________ жағдай бойынша
бухгалтерлік балансы

                                                (мың теңгемен)

Баптың атауы

Жол коды

Есепті кезеңнің аяғында

Алдыңғы жылдың аяғында

1

2

3

4

Активтер




Ақша құралдары және ақша құралдарының баламалары

1



Тазартылған қымбат металдар

2



Өзгерулері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар

3



Туынды қаржы құралдары

4



Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

5



Дебиторлық берешек

6



Комиссиялық сыйақылар

7



олардың ішінде:




зейнетақы активтерінен

7.1



зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен (зияннан)

7.2



Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

8



«Кері РЕПО» операциясы

9



Орналастырылған салымдар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

10



Берілген қаржылық жалдау (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

11



Берілген заемдар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

12



Инвестициялық мүлік

13



Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар және реттелген борыш

14



Қорлар

15



Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер (шығарылатын топтар)

16



Материалдық емес активтер (амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде)

17



Негізгі құралдар (амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде)

18



Ағымдағы салық талабы

19



Кейінге қалдырылған салық талабы

20



Басқа активтер

21







Активтердің жиынтығы

22







Міндеттемелер




Тартылған салымдар

23



Туынды құралдар

24



Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

25



«РЕПО» операциясы

26



Алынған заемдар

27



Кредиторлық берешек

28



Резервтер

29



олардың ішінде:




номиналдық кірістіліктің көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша

29.1







Акционерлермен акциялар бойынша есеп айырысулар бойынша есептелген шығыстар

30



Реттелген борыш

31



Ағымдағы салық міндеттемесі

32



Кейінге қалдырылған салық міндеттемесі

33



Басқа міндеттемелер

34







Міндеттемелердің жиынтығы

35







Меншікті капитал




Жарғылық капитал

36



олардың ішінде:




жай акциялар

36.1



артықшылықты акциялар

36.2



Сыйлықақы (қосымша төленген капитал)

37



Алынған капитал

38



Резервтік капитал

39



Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған резерв

40



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес құрылуы тиіс қосымша резервтер (провизиялар)

41



Басқа резервтер

42



Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян):

43



оның ішінде:




өткен жылдардың

43.1



есепті кезеңнің

43.2



Азшылық үлесі

44







Капиталдың жиынтығы

45







Капитал мен міндеттемелер жиынтығы (35 жол+45 жол)

46



      «Азшылық үлесі» бабы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде толтырылады.

      Бірінші басшы
      (ол болмаған кезеңде
      – оның орнындағы тұлға) _________________ күні ____________

      Бас бухгалтер           _________________ күні ____________

      Орындаушы               _________________ күні ____________

      Телефон                 _________________

      Мөрдің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады