"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 81 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7512 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.01.2015 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2010 жылғы 24 маусымда № 6310 болып енгізілді, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 14 тамызда № 215-216 (26276-26277) жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мыналар бекітілсін:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «СТ-1» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкісінің нысанын;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «А» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкісінің нысанын;
      3) осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес «Түпнұсқа» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификат;
      4) осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес «СТ-2» нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкісінің нысанын.»;
      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшыларға сәйкес 5 және  6-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі                                   Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 81 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
Министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы 21 мамырдағы
№ 83 бұйрығына
5-қосымша

1. Жүк жөнелтуші/экспорттаушы (атауы және почталық мекенжайы)

4. №

Тауардың шығуы туралы сертификат

СТ-2 нысаны

2. Жүк алушы/импорттаушы
(атауы және почталық мекенжайы)

____________________ берілді
    (елдің атауы)

__________ жеткізіп беру үшін
(елдің атауы)

3. Тасымалдау көлігі және жүру бағыты

5. Қызметтік ескертулер үшін:

6. №

7. Орындар саны және орау түрі

8. Тауардың сипаттамасы

9. Шығу тегінің өлшемдері

10. Тауар саны

11. Шот-фактураның нөмірі мен күні

12. Куәлік:
Өтініш берушінің декларациясы шындыққа сәйкес келуіне жүргізілген бақылау негізінде осы құжат бойынша куәландырады
-------------------------------
    қолы       күні      мөрі

13. Өтініш берушінің декларациясы:
Төменде қол қоюшылар жоғарыда көрсетілген мәліметтер шындыққа сәйкес келетініне, барлық тауарлар толығымен ______________ өндірілгеніне (елдің атауы)
және жеткілікті өңдеуден өткеніне және олардың барлығы да осындай тауарларға қатысты бекітілген шығару талаптарына сәйкес екендігіне кепіл болады
----------------------------
  қолы    күні      мөрі

      Ескерту: тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкісі:
      - 210 х 297 мм өлшемді болуы тиіс, сонымен бірге ұзындығы бойынша ауытқу үлкен жағына 5 мм немесе кіші жағына 8 мм болуы мүмкін;
      - механикалық немесе химиялық тәсілдермен кез-келген қолдан жасалуды көзбен анықтауға мүмкіндік беретін сары түспен басылған гильотировка болуы тиіс.

СТ-2 нысаны тауардың шығуы туралы № _____ СЕРТИФИКАТТЫҢ ҚОСЫМША ПАРАҒЫ

6. №

7. Орындар саны және орау түрі

8. Тауардың сипаттамасы

9. Шығу тегінің өлшемдері

10. Тауар саны

11. Шот-фактураның нөмірі мен күні

12. Куәлік:
Өтініш берушінің декларациясы шындыққа сәйкес келуіне жүргізілген бақылау негізінде осы құжат бойынша куәландырады
-------------------------------
    қолы       күні      мөрі

13. Өтініш берушінің декларациясы:
Төменде қол қоюшылар жоғарыда көрсетілген мәліметтер шындыққа сәйкес келетініне, барлық тауарлар толығымен ____________ өндірілгеніне
          (елдің атауы)
және жеткілікті өңдеуден өткеніне және олардың барлығы да осындай тауарларға қатысты бекітілген шығару талаптарына сәйкес екендігіне кепіл болады
-----------------------------------
    қолы       күні      мөрі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 81 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
Министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы 21 мамырдағы
№ 83 бұйрығына
6-қосымша

1. Consignor/exporter (nameandaddress)

4. №

CERTIFICATE OF ORIGIN OF GOODS

ST-2 FORM

2. Consignee/importer
(name and address)

Issued in

(Name of the country) For submitting in

(Name of the country)

3. Means of transport and itinerary (as far as is known)

5. For official use/notes only

6. №

7. Number of pieces of goods and type of packing

8. Descriptionofgoods

9. Criteriaoforigin

10. Quantityofgoods

11. Invoicenumb eranddate

12. Certification
This is to certify.on the basis of implemented control, that the information contained in the Declaration of the applicant is true
-----------------------------
Signature    Date    Seal

13. Declaration of the applicant The undersigned states that the above- mentioned information is true and that all goods have been completely produced or reprocessed well enough in
_____________________________
(Name of the country)
and that the goods meet the requirements of origin prescribed for such goods.
----------------------------------
Signature     Date      Seal

      Ескерту:
      Тауарлардың шығу тегі туралы сертификат бланкісі:
      - 210 х 297 мм өлшемді болуы тиіс, сонымен бірге ұзындығы бойынша ауытқу үлкен жағына 5 мм немесе кіші жағына 8 мм болуы мүмкін;
      - механикалық немесе химиялық тәсілдермен кез-келген қолдан жасалуды көзбен анықтауға мүмкіндік беретін сары түспен басылған гильотировка болуы тиіс.

EXTRA SHEET OF CERTIFICATE № ____________

OF ORIGIN OF GOODS. ST-2 FORM

6. №

7. Number of pieces of goods and type of packing

8. Descriptionofgoods

9. Criteriaoforigin

10. Quantityofgoods

11. Invoicenumberanddate

12. Certification
This is to certify,on the basis of implemented control, that the information contained in the Declaration of the applicant is true
---------------------------
Signature    Date    Seal

13. Declaration of the applicant The undersigned states that the above- mentioned information is true and that all goods have been completely produced or reprocessed well enough in
____________________________
(Name of the country)
and that the goods meet the requirements of origin prescribed for such goods.
---------------------------------
Signature      Date      Seal

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады