"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 94 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7546 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысының 4-қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6167 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 26 қазанда № 439-442 (26285) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу ережесінде:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру мен қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ оларға біліктілік талаптарын белгілейді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Ереженің 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кандидатты Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлау (тағайындау) үшін қажетті еңбек стажына кандидаттың қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында, және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыратын ұйымдарда және (немесе) "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамында және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген еңбек стажы кіреді:

      1) Азия даму банкі;

      2) Еуразия даму банкі;

      3) Еуропа қайта құру және даму банкі;

      4) Ислам даму банкі;

      5) Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;

      6) Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;

      7) Халықаралық валюталық қор;

      8) Халықаралық даму қауымдастығы;

      9) Халықаралық қайта құру және даму банкі;

      10) Халықаралық қаржы корпорациясы.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қордың басшы қызметкері уәкілетті органның келісімінсіз өзінің қызметінде, оны сайлаған (тағайындаған) күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын уақыт болады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған соң, және уәкілетті органға келісуге құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда Қор осы тұлғамен еңбек шартын бұзады, не еңбек шарты болмаған жағдайда осы тұлғаның өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдайды.

      Уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен артық Қордың басшы қызметкерінің міндетін атқаруға (уақытша жоқ басшы қызметкердің орнында болуға) жол берілмейді.

      Уәкілетті орган өтініш Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартқан не ол Қордың басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы Қордағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, бұл адам оны сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы Қордың басшы қызметкері лауазымына қайта (сайланады) тағайындалады.

      Уәкілетті орган өтініш Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті органның осы Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін Қордың басшы қызметкері лауазымына (сайланады) тағайындалады алады.

      6. Келісуді уәкілетті орган Комиссияның шешімі бойынша тестілеуден өткізу үшін кандидаттарды шақыра отырып не осы Ереженің 12-1-тармағында көзделген жағдайда оларды шақырмай өткізеді.

      7. Қор кандидатты келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) кандидаттың Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын осы Ережеде көзделген талаптарына сәйкес келуін, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтер осы Ережеге сәйкес ұсынылғанын және Қор құжаттамалық жағынан тексерілгенін көрсетумен және оған мыналар:

      директорлар кеңесінің мүшелерін, Қордың бас директорын (сайлаған) тағайындаған кезде Қордың директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда - директорлар кеңесінің шешімі бойынша (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін бере отырып) директорлар кеңесінің бір мүшесі;

      директорлар кеңесінің төрағасын, бас бухгалтерді (сайлаған) тағайындаған кезде Қордың бас директоры не Қордың бас директорының міндетін атқарушы тұлға (міндетін атқаруды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін бере отырып) қол қойған еркін нысанда жасалған өтінішті;

      2) Қордың басшы қызметіне кандидатты сайлау (тағайындау) күнін көрсете отырып, Қордың уәкілетті органының кандидатты (сайлау) тағайындау шешімінің үзінді-көшірмесінің көшірмесі (екі және одан да көп кандидатты келісу кезде әр кандидатқа шешім көшірмесінің бір данасы).

      Тағайындау күні болмаса, кандидатты сайлау (тағайындау) күні Қордың уәкілетті органы шешім қабылдаған күн не аталған шешімдегі жағдайдың басталған күні болып саналады. Осындай жағдайда Қор аталған шешімдегі жағдайдың басталғанын растайтын құжаттар көшірмесін ұсынады;

      3) электронды және қағаз тасымалдауыштарда (1-қосымшадағы фотосурет 3 х 4 көлемімен ашық фонда жасалады) осы Ереженің1-қосымшасына сәйкес кандидат туралы мәлімет;

      4) кандидаттың жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) осы Ереженің 8-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда ғылыми дәрежесін алғанын растайтын құжаттар көшірмесі;

      6) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептер жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжатты (не сол бір кандидатты екі және одан да көп басшы лауазымына келісуге құжаттардың толық пакетін берген кезде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептер жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатының көшірмесі). Аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайды;

      7) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген, кем дегенде екі тұлғадан алынған кандидатқа берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайды;

      8) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін сертификаттау жөніндегі ұйым (бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органымен аккредиттелген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі не Халықаралық бухгалтерлер федерациясының нағыз мүшесі болып табылатын шетел институтымен берілген кәсіби бухгалтердің біліктілік куәлігінің көшірмесі.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қор кандидатты келісу үшін уәкілетті органға оның (сайланған) тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмейтін мерзімде құжаттардың толық пакетін ұсынады.

      Басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделген құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар осы Ереженің талаптарына, Қордың құрылтай құжаттарына сәйкес келмеген жағдайда ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып, Қорға жазбаша жауап береді.

      Қор осы Ережеде көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынған жағдайда уәкілетті орган оларды Қорға қараусыз қайтарады. Қор жетіспейтін құжаттарды кандидат басқа қызметке сайланған (тағайындалған) күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кеш емес мерзімде ұсынады.

      12. Азаматтығы бар елінде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) Қордың басшы қызметкері лауазымына (сайланған) тағайындалған күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде уәкілетті органға олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады.

      Көрсетілген құжатты осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, мәліметтер негізінде келісім берілген осы мәліметтер дәйекті емес болып табылады және берілген келісім осы Ереженің 27-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органмен қайтарып алуға жатады.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын басшы қызметкері лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделін растау мақсатында уәкілетті орган шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан қаржы ұйымында, холдингте басшы қызметкер лауазымына тағайындалған күнге дейінгі 10 (он) жылдан кем емес кезеңде кандидаттың іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы не жоқ екені жөнінде сұратады.

      Шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органы басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделі жоқтығы туралы ақпаратты ұсынған жағдайда, соның негізінде келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып саналады, сондай-ақ берілген келісім осы Ереженің 27-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органмен қайтарып алуға жатады.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырсын:

      "12-1. Комиссия шешімі бойынша Қордың мынадай қызметкерлері ұсынылған құжаттардың негізінде:

      1) Қордың атқарушы органының бірінші басшысы лауазымына кандидаттың:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында не осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінде бұрын:

      бірінші басшысы, атқарушы органының мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен);

      бас бухгалтер лауазымын атқарған кемінде үш жыл еңбек өтілі бар болса;

      2) Қордың бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидаттың:

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қорда және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің:

      бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;

      бірінші басшысы, басқарма мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен);

      бас бухгалтер ретінде кемінде екі жыл еңбек өтілі бар болса;

      3) Қордың бас бухгалтері лауазымына кандидаттың:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қорда және (немесе) осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің:

      бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;

      қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен бірінші басшы, басқарма мүшесі;

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы (орынбасары) ретінде кемінде үш жыл еңбек өтілі бар болса шақырмай келісіледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Уәкілетті орган мынадай себептермен Қордың басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартады:

      1) басшы қызметкерлердің осы Ереженің 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына, Бухгалтерлік есеп туралы Заңның 9-бабына сәйкес келуі;

      2) дәлелді себепсіз тестілеуге келмей қалу не тестілеудің теріс нәтижесі;

      3) Қордың уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе осы Ереженің 5-тармағымен белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі аяқталғаннан кейін Қордың уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарын ұсынуы;

      4) осы Ереженің 5-тармағымен белгіленген басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз иелене алатын мерзім аяқталғаннан кейін құжаттарды ұсыну;

      5) кандидатқа уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкцияларының бар болуы.

      Осы талап кандидатты келісу туралы Қор өтініш берген күнге дейінгі бір жыл ішінде қолданылады;

      6) басшы қызметкер не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқаратын (атқарған) оның өкілетіне кірген қаржы ұйымы, Қор, банк, сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуларды туғызған мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау фактілері және ол үшін қаржы ұйымына, Қорға, банк, сақтандыру холдингіне қатысты уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданғаны туралы уәкілетті органның мәліметтерінің болуы.

      Осы талап уәкілетті орган бұзуды анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады;

      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтірген деп танылған тарап болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.

      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығындағы манипуляциялау және (немесе) осы мәміле жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгені кандидаттың адал емес әрекеттерінен болғанын растайтын фактілері болған жағдайда қолданылады;

      8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган оған қатысты бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шаралары қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-әрекеті мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтің болуы.

      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығындағы манипуляциялау және (немесе) осы мәміле жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгені кандидаттың адал емес әрекеттерінен не әрекетсіздігінен болғанын растайтын фактілері болған жағдайда қолданылады.";

      1-қосымшаны осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы № 94
қаулысына қосымша
"Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының,
банк, сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға)
келісім беру қағидаларына
1-қосымша


 

      фотосуреттiң орны

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамының басшы қызметкері лауазымына кандидат туралы
мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (кандидаттың фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты және

       тағайындалатын "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры"

       акционерлік қоғамының лауазымы көрсетiледi)

      1. Жалпы мәлiметтер:

Туылған күнi және орны


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерi



      2. Білімі:

Оқу орныныңатауы

Түскен күнi - бiтiрген күнi

Мамандығы

Бiлiмi туралы дипломның деректемелерi,бiлiктiлiгi

Оқу орны
орналасқан орны

1.







      3. Ерi (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) және жекжаттары (ерiнiң (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) туралы мәлiметтер

Тегi,аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1.






      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы және акцияларын иеленуi туралы мәлiметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлғаның қызметiнiң жарғылық түрi

Жарғылық капиталда қатысу үлесi немесе кандидатқа тиесiлi акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына ара қатынасы (пайызбен)

1.





      5. Соңғы үш жылдағы бiлiктiлiк көтеру жөнiндегi семинарлар, бiлiктiлiкті арттыру курстарынан өту туралы мәлiметтер:

Ұйымның атауы

Өткiзу күнi және орны

Сертификат деректемелерi

1.





      6. Еңбек қызметi туралы мәлiметтер.

      Осы тармақта кандидаттың барлық еңбек қызметiндегi атқарған (атқарып отырған) лауазымдары, оның iшiнде уәкiлеттi органға келісу туралы өтiнiштi берген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында лауазымы туралы көрсетіледі;

Жұмыс кезеңi (күнi, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртiптiк шарақолданудың бар болуы

Жұмыстан шығу, қызметтенбосату себептерi

1.







      7. Кандидат қаржы ұйымының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының аудитін жүргізу туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауын, кандидат аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету).

       8. Қор және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар кеңесінде және инвестициялық комитеттерiндегi мүшелiгi туралы мәлiметтер:

Кезең (күнi, айы, жылы)

Ұйымныңатауы

Лауазымы, келiскен күнi (талап етiлсе)

Жұмыстан шығу,лауазымынан босатылусебептерi

1.






       9. Бар жарияланымдар, ғылыми әзiрленiмдер және басқа да жетiстiктерi:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (иә/жоқ, бар болған жағдайда күнi, қандай басылымдарда көрсетiлдi)

       10. Алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәлiметтер:

Күнi

Сот органының
атауы

Соттың орналасқан орны

Жазаның
түрi

Кандидат қылмыстық жауапкершiлiкке сәйкес тартылған заңнамалық актiнiң бабы

Соттың процессуалды
шешiмдi қабылдаған күнi

1.








       11. Өзiне қабылдаған мiндеттемелердi орындамау фактiлерiнiң болуы туралы мәлiметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә/жоқ, аталған фактiлер болған жағдайда, ұйымның атауын және мiндеттемелер сомасын көрсету қажет)

      12. Кандидат бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы – жеке тұлға, ірі қатысушысының (банк немесе сақтандыру холдингінің) – қаржы ұйымы заңды тұлғаның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органы қаржы ұйымын, банктің бас ұйымы болып табылатын банк холдингін консервациялау туралы, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензияларын айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын, Қордың, холдингін мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген оны банкрот деп тану туралы шешімді қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсiн).

       13. Басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) келісімді қайтарып алу және уәкілетті органдарының қаржы ұйымының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының, банктік, сақтандыру холдингінің қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетуi туралы деректердiң болуы.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, сайлауға (тағайындауға) келісімді қайтарып алуға негіздемесі және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органының атауы көрсетiлсiн).

       14. Қаржы ұйымының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының, банктік, сақтандыру холдингінің басшысы ретiнде қаржы ұйымы, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы, банктік, сақтандыру холдингі қызметiнiң мәселелерi бойынша сотта iстi қарау кезiнде жауап берушi ретiнде тартылды ма:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә/жоқ, күнiн, сотта iстi қарау кезiндегi жауап берушi – қаржы ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешiмi).

       Осы ақпаратты мен тексердiм және оның толық және шынайы болып табылатындығын растаймын.

       Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

       (баспа әрiптерiмен)

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының тәуелсiз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен, _____________________________________________________________
(тегi, аты, бар болса - әкесiнiң аты)
__________________________________________________________________
тәуелсiз директор лауазымына сайлау (тағайындау) үшiн "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағыЗаңында белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiмдi растаймын.


      Күні ___________________________________

      Қолы ___________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады