Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 30 наурыздағы № 25-02-02/145 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 мамырда № 7609 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н.Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                     Е. Аман

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 30 наурыздағы     
№ 25-02-02/145 бұйрығымен    
бекітілген            

Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен
келтірілген залалды есепке алу және анықтау
бойынша әдістемелік нұсқаулар 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - әдістемелік нұсқаулар) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Ағаштың заңсыз кесілуі - Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, оның ішінде табиғи, антропогендік және техногендік факторлардың салдарынан зақымданған және жойылған ағаштар мен бұталарды: ағаш кесу билетінсіз; ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу; есепті кеспеағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу.
      3. Орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуі келтірген нұқсанды есепке алу мен анықтауды орман иеленушілер үш күнтізбелік күн ішінде жүргізіп, кейіннен нұқсан туралы мәліметтерді орман айналымдарының ревизиясы туралы есепке енгізеді, сондай-ақ мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары өткен ревизиялық кезеңде орман шаруашылығының жүргізілуіне кешенді баға беру кезінде жүргізеді.
      4. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуі келтірген нұқсан мыналарды қамтиды:
      1) ағаштың заңсыз кесілуі және ағаштар мен бұталардың өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдануы, жеке және заңды тұлғалардың сүректі талан-таражға салуы келтірген нұқсанның мөлшері;
      2) ағаштар мен бұталардың өсуін тоқтату дәрежесіне жетпей зақымдануы келтірген нұқсанның мөлшері;
      3) ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуі, дауыл құлатқан, жел сұлатқан сүректі, өрт зақымдаған ағаштарды талан-таражға салу келтірген нұқсанның мөлшері;
      4) жас талдар мен өскіндерді, жинақталмаған орман дақылдарын кесу, орман питомниктерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы және селекциялық-генетикалық объектілерді, ағаш отырғызу материалын, плантацияларда ағаштар мен бұталарды жою немесе, келтірген нұқсанның мөлшері;
      5) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз олжалау, дайындау, зақымдау немесе жою келтірген нұқсанның мөлшері;
      6) ағаштың заңсыз кесілуінен зақымдалған орман қоры учаскелерінде орманды қалпына келтіруге жұмсалған шығындар.
      5. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуі келтірген нұқсанды есепке алу мен анықтау кезінде «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 қаулысы (бұдан әрі - Базалық ставкалар) пайдаланылады.

2. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуі
келтірген нұқсанды есепке алу

      6. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуі келтірген нұқсанды есепке алуды орман иеленушілер осы Әдістемелік нұсқаулардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуі келтірген нұқсанды есепке алу журналын толтыру жолымен жүзеге асырады.

3. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуі
келтірген тікелей материалдық нұқсанды анықтау

      7. Ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуі және зақымдануы, жеке және заңды тұлғалардың сүректі талан-таражға салуы келтірген нұқсанның мөлшері формула арқылы анықталады:

Рвр = М3 * РврБс

      мұндағы:
      Рвр - ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуі және зақымдануы, жеке және заңды тұлғалардың сүректі талан-таражға салуы келтірген нұқсанның мөлшері;
      М3 - сүректің көлемі;
      РврБс - Базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері.
      8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ағаштың заңсыз ағаш кескені, ағаштар мен бұталарды өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдалған және сүрек ұрлаған жағдайларда Базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері екі мәрте көбейтіледі.
      9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ағаштар мен бұталарда өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдамаған жағдайларда Базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері өзгеріссіз қолданылады, осы аумақтардан тыс жерлерде - екі есеге кемітіледі.
      10. Ағаштар бұталарды заңсыз кескен, дауыл қопарған, жел құлатқан сүректерді, өрт зақымдаған ағаштарды ұрлау жағдайларда Базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері қолданылады.
      11. Жас талдар мен өскіннің, жинақталмаған орман дақылдарының кесілуі, орман питомниктерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы және селекциялық-генетикалық мақсаттағы, объектілердің, ағаш отырғызу материалының, плантацияларда ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуі келтірген зиянның мөлшері формула арқылы анықталады:

Рврм = К * РврБс

      мұндағы:
      Рврм - жас талдар мен өскіннің, жинақталмаған орман дақылдарының кесілуі, орман питомниктерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы және селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің, ағаш отырғызу материалының, плантацияларда ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуі келтірген зиянның мөлшері;
      К - жас талдар мен өскіннің, жинақталмаған орман дақылдарының кесілуі, орман питомниктерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы және селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің, ағаш отырғызу материалының, плантацияларда ағаштар мен бұталардың көлемі;
      РврБс - Базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері.
      12. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз олжалау, дайындау, зақымдау немесе жою келтірген зиянның мөлшері формула арқылы анықталады:

Рврр = К * РврБс

      мұндағы:
      Рврр - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз олжалау, дайындау, зақымдау немесе жою келтірген зиянның мөлшері;
      К - заңсыз олжалаған, дайындалған, зақымдалған немесе жойылған Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің саны;
      РврБс - Базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері.
      13. Ағаштың заңсыз кесілуінен зақымдалған орман қоры учаскелерінде орманды қалпына келтіруге жұмсалатын шығындар формула арқылы анықталады:

Рл = З - Сл

      мұндағы:
      Рл - ағаштың заңсыз кесілуінен зақымдалған орман қоры учаскелерінде орманды қалпына келтіруге жұмсалатын шығындар;
      З - ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажет шығындар;
      Сл - кесілген, бірақ тасып әкетілмеген, сатылуға жататын орман материалдарының құны.

Орман қоры аумағында ағаштың  
заңсыз кесілуінен келтірілген  
залалды есепке алу және анықтау
бойынша әдістемелік нұсқауларға
қосымша            

нысан

Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуі келтірген
нұқсанды есепке алу журналы*

____________________________________________________
(орман иеленушілердің атауы)

осы журналда__________(жазбаша) парақ
нөмірленді және тігілді

* журнал нөмірленеді, тігіледі, орман иеленуші
басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады

р/с

Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуі келтірген нұқсанның түрі

Ағаштар немесе бұталар тұқымдылары

Ағаштар немесе бұталар саны, дана

Сүрек көлемі, текше метр

Бірлік үшін зиянды өтеу мөлшері теңге

Зиянды мөлшерлері бойынша есептелген нұқсан сомасы

1

2

3

4

5

6

7




























































































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады