Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 148 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 мамырда № 7615 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 458 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2014 № 458 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 45-3) тармақшасын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидасы бекітілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ.Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті(Ф.Н.Жақыпова) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, жоғары оқу орындарының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                           М. Орынханов

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының 
2012 жылғы 6 сәуірдегі
№ 148 бұйрығымен   
бекітілді      

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Үлгі қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 45-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қағидасын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.
      2. Үлгі қағида білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережесін әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
      3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі педагог және өзге де қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.
      4. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының кызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесімен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымының ішкі тәртібі

      5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесінде:
      білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;
      оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.
      6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртібіне қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады