«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы мемлекеттік атқарушы органдарының және басқа орталық мемлекеттік органдардың 2010 жылғы № 11 басылымында жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген (12.07.2010)) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде:
3-бөлімде:
«1. Гуманитарлық ғылымдар» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
5В025100 |
Исламтану |
»;
«6. Техникалық ғылымдар және технологиялар» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
5В075200 |
Инженерлік жүйелер және желілер |
5В075300 |
Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы |
»;
«12. Білім» деген кіші бөлім мынадай мазмұнымен толықтырылсын:
«
5В010100 |
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
5В010200 |
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
5В010300 |
Педагогика және психология |
5В010400 |
Бастапқы әскери дайындық |
5В010500 |
Дефектология |
5В010600 |
Музыкалық білім |
5В010700 |
Бейнелеу өнері және сызу |
5В010800 |
Дене шынықтыру және спорт |
5В010900 |
Математика |
5В011000 |
Физика |
5В011100 |
Информатика |
5В011200 |
Химия |
5В011300 |
Биология |
5В011400 |
Тарих |
5В011500 |
Құқық және экономика негіздері |
5В011600 |
География |
5В011700 |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
5В011800 |
Орыс тілі мен әдебиеті |
5В011900 |
Шетел тілі: екі шетел тілі |
5В012000 |
Кәсіптік оқыту |
5В012100 |
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті |
5В012200 |
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті |
5В012300 |
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану |
»;
«14 Өнер» «13. Жоғары арнайы білім мамандықтары» деген кіші бөлім мынадай мазмұнымен толықтырылсын:
«
5B140100 |
Орындаушылық өнер |
5В140200 |
Халық аспаптары |
5В140300 |
Ән өнері |
»;
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н.Жақыпова) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов