Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 130 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 маусымда № 7699 тіркелді

      «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесінде:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату тәртібін айқындайды.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) барынша төмен баға - бұдан төмен болғанда лот сатылмайтын баға;
      2) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалау бағасынан төмен болмайтын баға;
      3) болжанбаған шығыстар - тарату комиссиясы жоспарламаған, мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, шұғыл қажеттіліктерге арналған шығын;
      4) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары қатарынан құрылатын орган;
      5) кредиторлар санаты - талаптары біртектес сипатта болатын және Сақтандыру туралы заңның 72-бабында көзделген белгілі бір кезек шегінде қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;
      6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмі - уәкiлеттi орган бекіткен, кредиторлардың белгіленген мерзімде жарияланған және тарату комиссиясы таныған талаптарын көрсететін құжат;
      7) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар және қатаң есепті бланктер, қымбат металлдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шыққан, қымбат металлдардан жасалған монеталар және бағалы заттар;
      8) лот - сату үшін бөлiнбейтiн бiрлiктерге бөлінген, аукционға шығарылатын мүлік;
      9) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары;
      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторы - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелерден туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
      11) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың ақырғы бағасы, ал мүлік сауда-саттықты өткізусіз сатылатын жағдайда - кредиторлар комитеті не Ережеге сәйкес тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, мүліктің ақырғы бағасы;
      12) сату объектiсi - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сауда-саттыққа жеке (дербес) бiрлiк ретінде шығарылатын мүлкі немесе бірнеше бiрлiктерден бір лотқа шоғырландырылған өзге мүлкі;
      13) сатушы - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы;
      14) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық жеңімпазы;
      15) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықта лот үшін мейлінше жоғары баға ұсынған қатысушы;
      16) сауда-саттыққа қатысушы - сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтiнiш берген және сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы оны қатысушы ретінде тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
      17) сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттықты өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және оның қорытындысының қандай болатынына мүдделі емес жеке не заңды тұлға;
      18) сауда-саттықтың ағылшын әдiсi - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшiн барынша жоғары баға ұсынған қатысушылардың бiрi қалған сәтке дейін көтеріле беретін сауда-саттық әдiсi;
      19) сауда-саттықтың голланд әдiсi - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша қатысушылардың бiрi лотты жарияланған бағамен сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендетіле беретін сауда-саттық әдiсi;
      20) тарату комиссиясы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган тағайындайтын (босататын), тарату рәсiмдерiн жүргізу барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыратын орган;
      21) тарату комиссиясының шығыстары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәжбүрлеп таратылу барысындағы тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрi - тарату шығыстары);
      22) тарату, конкурстық масса - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері;
      23) тарату массасын мақсатсыз жұмсау - уәкiлеттi органмен келiсiлген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;
      24) тарату шығыстарының бекiтiлген сметасы - тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен немесе кредиторлар комитетімен келісе отырып бекіткен, тиiстi уақыт кезеңіне арналған смета;
      25) тарату шығыстарының сметасы - тарату комиссиясы белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін құжат;
      26) тарату өндiрiсi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын, заңды тұлға ретiндегi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн тоқтату рәсiмi;
      27) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - сот шешiмiнің заңды күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату барысындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
      28) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі - құндық бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енгiзiлген мүлiктiк қажеттiлiк пен құқықтар жиынтығы;
      29) уақытша әкiмшiлiк (уақытша әкімші) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету үшін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруды қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім күшіне енген күннен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңге тағайындайтын орган;
      30) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмiнiң күшіне енген күнінен бастап:
      1) Сақтандыру қызметі туралы заңның 69-бабы 2-тармағының 1)2)3)4)5) тармақшаларында көзделген салдарлар туындайды;
      2) Сақтандыру қызметі туралы заңның 69-бабы 3-1-тармағында көзделген шаралар іске асырылады;
      3) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан немесе соның есебінен жүзеге асатын іс-әрекеттер егер оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылатын комиссиясының төрағасы не осы іс-қимылдарды жасау үшін ол берген сенімхат бар тұлға жасаған жағдайда заңды күші болады;
      4) Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi біткен болып есептеледі;
      5) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлық берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны (мүдденi) есептеу тоқтатылады;
      6) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне өндiрiп алу жөнiндегi өтiнiшке заңнамамен белгіленген барлық шектеулер алынып тасталады;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүлiктiк сипаттағы барлық талаптары бар сотта қаралатын даулар, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, тоқтатылады;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүлiктiк сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап, тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының атына берiлуi мүмкін және Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады;
      9) таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлiктiк талаптарына қатысты соттың атқарушы құжаттарын тарату комиссиясы Сақтандыру қызметі туралы заңында белгіленген кезектiлiк тәртiбiмен орындауға береді.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және ісін басқару жөніндегі өкілеттіктер өтеді.
      Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығынан немесе уақытша әкімшіліктен (уақытша әкімшіден) бір айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын және мүлкін қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдап алады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияларының түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
      Тарату комиссиясы кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуды аяқтауды қамтамасыз ету жөніндегі істі қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ісін аяқтау үшін шаралар қабылдайды.»;
      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «97. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және оған қосымшасы, оның ішінде кредиторлар талабының тізілімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аралық тарату балансының, басқа да есептерінің, тарату балансының нысандары және тарату комиссияларының оларды ұсыну мерзімдері мен тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2001 жылғы 28 қазандағы № 418 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1727 тіркелген) белгіленген нысандар бойынша жасайды.»;
      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «165. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі нәтижесінде пайда болған құжаттардың сақтау мерзімі көрсетілген тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің құжаттарды сақтау ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 182 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6932 тіркелген) белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 174-1-тармақпен толықтырылсын:
      «174-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат министрлігі
      Министр _____________ Д.Қ. Мыңбай
      2012 жылғы 15 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады