Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін және осы бұйрықты аумақтық бөлімшелердің және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы М. Мұхамбетов
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 129-ө бұйрығымен бекітілген
Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары,
сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) ұңғымаларды бұрғылаудан өндіріс қалдықтары мен сарқынды сулардың түзілу көлемдерін есептеуге бірыңғай әдіснамалық тәсілді құру, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияларды одан кейінгі анықтау мақсатында әзірленген.
2. Ұңғымаларды бұрғылау Қазақстан Республикасы Экологиялық кодекспен белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
2. Өндіріс қалдықтарының түзілу көлемдерін есептеу әдісі
3. Барлық ұңғыманың бұрғыланған жынысының жиынтық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
Vж = Vж.ара., |
м3 |
(1) |
мұнда Vж.ара. – ұңғыма аралығының бұрғыланған жыныс көлемі, м3.
Vж.ара. = К1 х п х R2 х L, |
м3 |
(2) |
мұнда К1 – кеуектілік коэффициенті (белгілі бір жыныс көлеміндегі барлық кеуектер көлемінің осы жыныс көлеміне қатынасымен көрсетілген кеуектілік шамасы);
R – ұңғыма аралығының радиусі, м;
L – ұңғыма аралығының тереңдігі, м.
4. Бұрғылау шламының көлемі мына формула бойынша анықталады:
Vш = Vж х 1,2, |
м3 |
(3) |
мұнда 1,2 – бұрғыланған жыныстың босауын ескеретін коэффициент, геологиялық кеніштің ерекшеліктерін ескере отырып өзгеруі мүмкін және есептеулермен негізделеді.
5. Бұрғылау шламының массасы мына формула бойынша есептеледі:
Мш = Vш х , |
т |
(4) |
мұнда - бұрғылау шламының көлемді салмағы, т/м3.
6. Пайдаланылған бұрғылау ерітіндісінің көлемі мына формула бойынша есептеледі:
VПБЕ = 1,2 х Vж х К1+0,5 х Vж, |
м3 |
(5) |
мұнда К1 – дірілдегіш елеуіште, құм ажыратқышта және тұнба ажыратқышта тазарту кезінде шламмен бөлінетін бұрғылау ерітіндісінің шығындарын ескеретін коэффициент ([1] сәйкес К1 = 1,052);
Vа – бұрғылау қондырғысының айналым жүйесінің көлемі, м3. Бұрғылау қондырғысының айналым жүйесінің көлемі қондырғының паспорттық деректеріне сәйкес анықталады;
бұрғылау ерітіндісін қайталама пайдаланған кезде 1,2-ден 0,25-ке ауыстырылады.
7. Пайдаланылған бұрғылау ерітіндісінің массасы мына формула бойынша есептеледі:
МПБЕ = VПБЕ х , |
т |
(6) |
мұнда - пайдаланылған бұрғылау ерітіндісінің үлестік салмағы, т/м3.
3. Бұрғылау сарқынды суларының түзілу көлемдерін есептеу әдісі
8. Бұрғылау сарқынды суларының түзілу көлемі мына формула бойынша есептеледі:
VБСС = 2 х VПБЕ, |
м3 |
(6) |
айналмалы сумен қамсыздандыру енгізген кезде 2-ден 0,25-ке ауыстырылады.
9. Бұрылатын бұрғылау сарқынды суларындағы ластаушы заттар төгінділерінің массасы мына формула бойынша анықталады:
Мi = VБСС х Ci х 10-6, |
т |
(7) |
мұнда Сi – бұрылатын сарқынды сулардың құрамына сәйкес i-ші ластаушы заттың шоғырлануы, г/м3.